Добавить новость
Апрель 2015
Май 2015
Июнь 2015
Июль 2015
Август 2015
Сентябрь 2015
Октябрь 2015
Ноябрь 2015
Декабрь 2015
Январь 2016
Февраль 2016
Март 2016
Апрель 2016
Май 2016
Июнь 2016
Июль 2016
Август 2016
Сентябрь 2016
Октябрь 2016
Ноябрь 2016
Декабрь 2016
Январь 2017
Февраль 2017
Март 2017
Апрель 2017
Май 2017
Июнь 2017
Июль 2017
Август 2017
Сентябрь 2017
Октябрь 2017
Ноябрь 2017
Декабрь 2017
Январь 2018
Февраль 2018
Март 2018
Апрель 2018
Май 2018
Июнь 2018
Июль 2018
Август 2018
Сентябрь 2018
Октябрь 2018
Ноябрь 2018
Декабрь 2018 Январь 2019 Февраль 2019 Март 2019 Апрель 2019 Май 2019 Июнь 2019 Июль 2019 Август 2019 Сентябрь 2019 Октябрь 2019 Ноябрь 2019 Декабрь 2019 Январь 2020 Февраль 2020 Март 2020 Апрель 2020 Май 2020 Июнь 2020 Июль 2020 Август 2020 Сентябрь 2020 Октябрь 2020 Ноябрь 2020 Декабрь 2020 Январь 2021 Февраль 2021 Март 2021 Апрель 2021 Май 2021 Июнь 2021 Июль 2021 Август 2021 Сентябрь 2021 Октябрь 2021 Ноябрь 2021 Декабрь 2021 Январь 2022 Февраль 2022 Март 2022 Апрель 2022 Май 2022 Июнь 2022 Июль 2022 Август 2022 Сентябрь 2022 Октябрь 2022 Ноябрь 2022 Декабрь 2022 Январь 2023 Февраль 2023 Март 2023 Апрель 2023 Май 2023 Июнь 2023 Июль 2023 Август 2023 Сентябрь 2023 Октябрь 2023 Ноябрь 2023 Декабрь 2023 Январь 2024 Февраль 2024 Март 2024 Апрель 2024 Май 2024 Июнь 2024 Июль 2024 Август 2024 Сентябрь 2024 Октябрь 2024 Ноябрь 2024 Декабрь 2024 Январь 2025 Февраль 2025 Март 2025 Апрель 2025 Май 2025 Июнь 2025 Июль 2025 Август 2025 Сентябрь 2025 Октябрь 2025 Ноябрь 2025 Декабрь 2025 Январь 2026 Февраль 2026 Март 2026 Апрель 2026
1
2
3
4
5
6 7
8
9
10
11
12
13 14
15
16 17
18
19
20 21 22
23
24
25
26
27
28
29
30

Поиск города

Ничего не найдено

Шымкенттің ауасын өнеркәсіп ластап жатқанын дәлелдеу қиын

0 1756

Шымкент – Қазақстандағы жетекші өнеркәсіп және экономика орталығының бірі, 2018 жылы республикалық маңызы бар қала мәртебесін алды. Онда машина жасау, түсті металлургия саласындағы жетекші өндіріс орындары, мұнай өңдеу, химия және тамақ өнеркәсібі шоғырланған.

Дәл осы мақсатта Шымкентте бірнеше индустриялық аймақ құрылды. Оның бірі Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан, мұнда Шымкент мұнай өңдеу зауыты және басқа да ондаған өнеркәсіп орны бар.

Алайда, атмосфераға шығатын зиянды заттарға жеткілікті назар аудармаған соң, бұл аймақта бұрыннан экология мәселесі бар. Қазір қоршаған ортаның ластану дәрежесі қандай екені белгісіз. Бұған бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы ауа сапасын бақылау кезіндегі қақтығыстармен қатар, тәуелсіз органдардың жоқтығы себеп.

Экологиялық мониторинг индустриялық аймақтарда бірінші кезекте болуына жауапты мемлекеттік органдар бюджет қаражаты жетпегендіктен, бақылау құрылғыларын орната алмай отыр. Оларға кәсіпорындарға тек жоспарлы түрде баруға мүмкіндік беретін заңнамалық кедергі де бар.

Ал компаниялар жеке мониторинг жүргізетінін айтады. Олар ешқандай заң бұзуды тіркемейтін жеке зертханалармен бірігіп жұмыс істейді. Қоршаған ортаны қорғау департаменті өкілдерінің жоспарлы сапарларынан соң, мұнай өңдеу зауытымен қоса бірнеше компанияға бірнеше рет айыппұл салынды.

Ал азаматтар мұнай өңдеу зауыты аумағында ауа сапасы нашарлағанына шағымданып жүр. Жауапты мемлекеттік органдар жағдайды бақылап отырғанын айтқанымен, зауыт маңындағы үй тұрғындары мұны жоққа шығарды.

Шымкент мұнай өңдеу зауыты, Фото petrokazakhstan.kz сайтынан

Тазартылған мұнай, ластанған ауа

Шымкент мұнай өңдеу зауытын (ШМӨЗ) «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС «ҚазМұнайГаз» мен Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) бірлескен кәсіпорны басқарады. Бұл ЖШС «Петроқазақстан Инк» (67% CNPC және 33% ҚМГ) компаниясына тиесілі. Қызылорда облысындағы бірнеше мұнай кен орны да осы компанияның меншігі.

1991 жылдан бастап «ПетроҚазақстан» канадалық мұнай өндіруші Hurricane Hydrocarbons Ltd компаниясына тиесілі. 2005 жылы қытайлық CNPC мемлекеттік компаниясы «ПетроҚазақстан» (Қызылорда облысындағы Торғай кен орнының бір бөлігі және ШМӨЗ басқаратын «Ойл Продактс» компаниясы) акцияларын 4,18 миллиард долларға сатып алды.

Бұл Қытайдың сол кезде шетелдік активтермен жасаған құны бойынша ең ірі мәмілесі болды және сарапшылар компанияның нарықтық құнынан әлдеқайда жоғары баға ұсынғанын айтты.

ШМӨЗ – Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауытының бірі. Мұнда жанармай, дизель отыны, авиакеросин, сұйытылған газ, вакуум газойл және мазуттың әртүрлі сорты шығарылады.

Зерттеулер мұнай өңдеу зауыттары қоршаған ортаны ластайтындардың негізгісі екенін көрсетіп отыр. Олар энергия мен суды көп мөлшерде қажет етеді, көп мөлшерде су шығарады, атмосфераға қауіпті газдар мен өңдеп-жоюы қиын қатты қалдықтарды шығарады.

2016 жылғы қазанда зауыт Шымкент ауасын ластайтын негізгі көзге айналды: ондағы күкірт диоксидінің мөлшері нормадан 10 есе жоғары болғаны анықталды.

Күкірт диоксиді қауіпті заттардың үшінші класына жатады. Жоғары концентрацияда ол тыныс алу қызметін бұзып, тыныс жолының ауруына шалдығу қаупін біршама арттыруы мүмкін.

«Қазгидромет» РМК Шымкент қаласындағы филиалы. Сурет автордыкі

Дегенмен, сол жылы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің конкурс комиссиясы «Қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша ШМӨЗ-ні үздік кәсіпорын деп таныды. Ал 2011 жылы «ПетроҚазақстан» «Қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша «Алтын парыз» сыйлығының иегері атанып, президент сыйлығына ие болды.

2018 жылы ШМӨЗ өндірісті жаңғыртуды аяқтауды көздеді, содан кейін ол ең жоғары экологиялық стандарттарға сай болуы керек еді. Ол кезде бұл жобаға 2,1 миллиард доллар бөлу жоспарланды.

ШМӨЗ-ге жақын жерде «Оңтүстік» индустриялық аймағы орналасқан. Ол 2010 жылы инвесторлар арасында Шымкент қаласының тартымдылығын арттыру мақсатында құрылған.

Өнеркәсіп алаңының аумағы – 337 гектар, онда 95 инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр. Оның ішінде: High Industrial Lubricants & Liquids жағармай шығаратын зауыты, «Фирм Дана» қаңылтыр шыныларын өңдеу зауыты, сонымен қатар «Юг Пласт» полиэтилен құбырларын шығаратын зауыт та бар.

Индустриялық аймақ ашылғалы бері ондағы кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсері жөнінде ешкім тәуелсіз бағалау жүргізген жоқ. Алайда, жергілікті тұрғындар денсаулығы нашарлағанын байқап, экологиялық зардаптарды сезініп жатыр.

Кім жауапты екені анықталмады

2021 жылғы наурызда Шымкентте кәріз жүйесіне жаппай бензол төгілді, қалалық СЭС басқармасының мәліметінше, соның әсерінен 30-ға жуық адам ауруханаға түскен.

СЭС инспекторларының сараптауы бойынша, бензол «Оңтүстік» индустриялық аумағы жақтан аққан. Экологтар елдi мекендер үшiн бензол мен мұнай көмiрсутегi бойынша ластаушы заттың шектi рұқсат етiлген концентрациясынан асып кеткенiн анықтады.

Клара Цеткин көшесіндегі үй комитетінің өкілі Күлипа Асылбекова сол кезде кәріз жүйесіне зиянды заттар түсуінен тыныс алу, көшеге шығу мүмкін болмай қалғанын жеткізді. Тұрғындар жаңа кәріз жүйесін орнатқаннан кейін де анда-санда жағымсыз иіс шығып тұратынын айтады.

«№37 мектепте балалар мен мұғалімдер уланды (он адам уланған – В.). Барлығын жедел жәрдем алып кетті, көшеде 16-17 көлік болды. Бізге бұл үлкен соққы болды. Бұл мәселені шешуге барлығы атсалысты. Бұл «Оңтүстік» индустриялық аймағының кесірінен болған сияқты», — дейді Асылбекова

Күлипа Асылбекова

«Олар қалдық шығарғанда канализациямыз сап-сары болып көміртек сульфидіне толады. Экология департаментіне хабарласқанда құбыр [ішіндегі] мәселесіне жауапты емеспіз деді. Олар құбырдың ішіндегісі төгілген жағдайда ғана жауапты екен», — деп толықтырды Асылбекова.

Экология департаментінің басшысы Ермахан Қозыбаев билік өкілдеріне ластау мәселесі «санитарлық-эпидемиологиялық қызмет пен «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ге көбірек қатысты екенін айтты, өйткені олардың төгіндіні анықтауға мүмкіндік беретін жеке зертханасы бар.

Қала тұрғындарының денсаулығын қорғауға жауапты Шымкент қалалық СЭС бөлімі құзырлы органдардың сауалына орай 2021 жылы қалада кәріз жүйесіне комиссия тексеру жүргізгенін хабарлады. Оған бөлім мамандарына қоса, төтенше жағдайлар департаменті, прокуратура, әкімдік, полиция және табиғатты қорғау қызметінің өкілдері қатысқан.

СЭС департаменті белгісіз зат тіркелмеген көліктен ағып кетуі мүмкін деген болжам жасады. Мұны анықтау үшін бөлім өндірістік аумақтағы кәріз желілерінің жабыны айналасынан, сонымен қатар «HILL CORPORATION» ЖШС, «Сауран» демалыс аймағынан, «EMI» ЖШС және «Тау Продукт» ЖШС іргелес аумақтарынан ауа мен топырақ үлгілерін жинады.

«Сауран» демалыс аймағынан, «EMI» ЖШС және «Тау Продукт» серіктестігінен ауаны зертханалық тексеру нәтижесі бойынша мұнай көмірсутегі мен күкіртсутегінің артық мөлшері [бірнеше ондаған рет] анықталды», — деп хабарлады ведомстводағылар.

«Кешкі уақытта зауыт жақта жағымсыз иіс шығады, әсіресе жел соқса, қатты шығады. Біз мұндай иісті аптасына 2-3 рет сеземіз».

Сараптамадан кейін нәтижесі жазылған хат Шымкент қаласының әкіміне, қалалық прокуратура мен ҰҚК департаментіне жолданды. Басқарманың өзі арнайы тәртіп бойынша «Оңтүстік» индустриялық аймағында орналасқан алты нысанды тексерді. 2021 жылы түрлі жағдай үшін кәсіпорындарға 1,9 миллион теңге айыппұл салынды.

2021 жылғы 18 наурызда Еңбекші аудандық ішкі істер бөлімі кәрізді ластау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда 25 мамырда «қылмыскерлерді анықтау мүмкін болмағандықтан», тергеу тоқтатылды.

Бұған қоса полиция тергеу барысында алынған ақпарат БАҚ-қа жария етілмейтінін баса айтты.

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС өкілі Сабыр Абдрасулов ​​та 2021 жылғы 17 наурызда Шымкент қалалық полиция бөліміне арыз берген. «Алайда, Еңбекші аудандық полиция бөлімі арызымызды дұрыс қарамады, істі аяғына дейін жеткізбеді, [ештеңе] анықтамады және кінәлілерді жауапқа тартпады», — деді ол Власть сауалына берген жауабында.

Абдрасуловтың айтуынша, бір рет төгінді «Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жауапсыздығынан (кәріз жүйесіне бақылаудың болмағаны, дұрыс жұмыс істемегені және желілердің әкімдіктің коммуналдық меншігіне өтпегені) және әрекетсіздігінен» болған.

Денсаулыққа қауіп төніп тұр

«Кешкі уақытта зауыттан жағымсыз иіс шығады, әсіресе жел соққанда қатты сезіледі. Мұндай иісті аптасына 2-3 рет сеземіз. Балалардың денсаулығы жылдан-жылға әлсіреп бара жатқанын байқаймыз. Ал аға буын, ақсақалдар жасы 70-ке таяғанда көз жұмады», – дейді мұнай өңдеу зауытынан бір шақырым жерде орналасқан «Бадам-2» ықшамауданының тұрғыны Марат Жұмабаев.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы құзырлы органдарға жыл сайынғы скрининг нәтижесі бойынша Шымкент мұнай өңдеу зауыты маңындағы елді мекендердің 55 тұрғынынан артериялық гипертензия, жеті адамнан қант диабеті, тағы үшеуінен қатерлі ісік ауруы анықталғанын хабарлады.

«№7 емханаға бекітілген азаматтардың өмір сүру ұзақтығы – 73,6 жас. Балалардың 80,2%-ның дені сау. Тұрғындардың, балалар мен қарттардың жағдайын жергілікті ЖТД, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар үнемі қадағалап отырады», — делінген сауалға берілген жауапта.

«ПетроҚазақстан» компаниясы «Қазақстанның экологиялық заңнамасына, соның ішінде экология министрлігінің нормативтік және рұқсат беретін құжаттарына сәйкес» жұмыс істейтінін мәлімдеді.

Сонымен қатар, компания ауаның, топырақтың, судың жай-күйін өз күшімен және Жұлдыз, Қарабастау, Қаратөбе ауылдарын санитарлық-қорғау аумағындағы бақылау посты арқылы да үнемі қадағалап отырады.

Шымкенттегі экология департаменті экологиялық жағдайды қалай қадағалайды деген сұраққа Ермахан Қозыбаев: «Өздеріңіз білетіндей, біз оларды барып тексере алмаймыз. Бөлімге арыз түссе, тексеруді бастаймыз. Оларды екі рет тексердік [2021]. Бір рет жоспардан тыс, екінші рет жоспарлы тексеру ұйымдастырдық. Осы тексерулердің нәтижесі бойынша, [ПетроҚазақстан Ойл Продактс] компаниясына айыппұл салдық», – деді. Қозыбаев айыппұл сомасын айтпады.

Экология департаментінің басшысы Ермахан Қозыбаев, сурет автордыкі 

Жағдай ушығып барады

2022 жылғы 23 қараша мен 14 желтоқсан аралығында департамент «ПетроҚазақстанды» қайта тексерді. Нәтижесінде кәсіпорынға тексеру үшін қажет ақпаратты беруден толық немесе ішінара бас тартқаны үшін, сонымен қатар өндірісте сараптама мен тексеру жүргізу талаптарын сақтамағаны үшін айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы сомасы – шамамен 1,4 миллион теңге.

«Бұйрықта «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасына сәйкес атмосфераға шығарындыларды 20%-ға азайту талабы да бар», – деп толықтырды экология және табиғи ресурстар министрлігі.

«Жасыл Қазақстан» – 2050 жылға қарай шығарындыларды азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан 2021 жылы қазанда бастаған ұлттық экологиялық жоба. Оның негізгі мақсаты – «халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау».

ШМӨЗ-нің бұл талапты қалай орындап жатқаны әзірге белгісіз.

«Қазгидромет» РМК қоршаған ортаның ластануын бақылау зертханасының меңгерушісі Гүлнар Мәуленованың мәлімдемесіне қарағанда, зертханаға «ПетроҚазақстан» мұнай өңдеу зауытының маңында тұратын тұрғындардан жиі шағым түседі.

Шағымдарға Шымкент қаласы әкімдігінің экология департаменті мен табиғи ресурстар басқармасы жауап қайтарады. Жыл сайын олар тексеру кестесін жасап, бұл жұмысқа тәуелсіз зертханаларды тартады.

«Біз барып, аумақты бақылаймыз. Бізде GRANT деген газ анализаторы бар, бірақ ол ештеңені анықтамайды. Жеке өзіміз ештеңе анықтай алмадық, бұл ауданда шығарынды мөлшері щектен аспаған. Мүмкін оларға тексеру туралы ескертетін болар. Олар әдетте түнде қуатты арттырып, шығарындыларды осы уақытта шығарады. Ал экологтар үнемі [зауыт] барлық стандартқа сай екенін айтады», – дейді Мәуленова.

Ол 2020 жылғы қыркүйекте Қарабастау тұрғын алабында станция орнатуға өтініш берген. Келісім берілген соң, орнату үшін орын таңдалды, рұқсат құжаттарын дайындау басталды. Алайда, соңғы сәтте қоршаған ортаны қорғау министрлігі өтінішті қабылдамай, станция сол күйі салынбай қалды.

Власть өтініш неліктен қабылданбағанын сұрағанымен, ведомстводағылар түсіндірмеді. Осыған байланысты «Қазгидромет» РМК зауыт қызметі қоршаған ортаға қалай әсер ететінін бағалай алмайды.

Бұл ретте «ПетроҚазақстан» кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймақтары бекеттеріндегі экологиялық бақылауды «РеактивСнаб» ЖШС жүргізетінін айтады: «Аспаппен өлшеу нәтижесі бойынша топырақта, суда және атмосфералық ауада шектен асып кету дерегі тіркелген жоқ».

Қоршаған ортаны қорғау департаментінің тексеруі мен айыппұлдарына қарамастан, зауыт маңында тұратын адамдар шығарындылар бойынша жағдайды жақсарту мүмкін емес деп санайды.

Экология департаменті көрсеткен презентациядан слайд, сурет автордыкі

«Бадам-2» ықшамауданының тағы бір тұрғыны Шәріпқұл Ерімбетов жыл өткен сайын жергілікті халықтың мұндай ортада тұруы қиындап бара жатқанын айтады: «Жазда, әсіресе ыстық күндері тыныс алу қиындай түседі. Бірақ ешқандай өзгеріс жоқ. Қалағанын істеп жатыр».

Экология департаменті мұнай өңдеу зауыты жаңғыртудан өтіп, тазарту қондырғылары жақсарды деп отыр.

«ПетроҚазақстан» компаниясы жаңғырту нәтижесінде ШМӨЗ-де еуропалық және америкалық компаниялардың «соңғы үлгідегі жабдықтары» орнатылғанын, бұл «қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтатынын» айтты.

Тағы бір алдын алу шарасы ретінде «ПетроҚазақстан» компаниясы 2020-2021 жылдары санитарлық-қорғау аймағына 2500 түп ағаш отырғызып, Еңбекші ауданы, Жұлдыз ауданы әкімдігіне 500 түп көшет берді

Қоршаған ортаның ластануына байланысты жергілікті тұрғындар денсаулық мәселесінде қиындық көріп отыр. Алайда, олардың айтуынша, олар үшін мәселенің салмағын сараптауға мүмкіндік беретін арнайы медициналық скрининг ешқашан ұйымдастырылмаған.

«Зауытқа арыз жазуға бардық. Ол жақта бізді қайтадан әкімдікке жіберді. Мәселені сол жақ шешеді деді. Ал мемлекеттік органдарға барсақ, барлық қаражат қаланы көгалдандыруға және басқа да жобаларға жұмсалғанын айтады», — дейді Жұмабаев.





Все города России от А до Я

Загрузка...

Moscow.media

Читайте также

В тренде на этой неделе

Заворачиваем фарш в лаваш - и на шампур: все майские лакомимся исключительно этой вкусняшкой, про шашлык и думать забыли

Тяжелый груз обрушился на 48-летнего работника воронежского склада


Загрузка...
Ria.city
Rss.plus


Новости последнего часа со всей страны в непрерывном режиме 24/7 — здесь и сейчас с возможностью самостоятельной быстрой публикации интересных "живых" материалов из Вашего города и региона. Все новости, как они есть — честно, оперативно, без купюр.




Пласт на Russian.city


News-Life — паблик новостей в календарном формате на основе технологичной новостной информационно-поисковой системы с элементами искусственного интеллекта, тематического отбора и возможностью мгновенной публикации авторского контента в режиме Free Public. News-Life — ваши новости сегодня и сейчас. Опубликовать свою новость в любом городе и регионе можно мгновенно — здесь.
© News-Life — оперативные новости с мест событий по всей России (ежеминутное обновление, авторский контент, мгновенная публикация) с архивом и поиском по городам и регионам при помощи современных инженерных решений и алгоритмов от NL, с использованием технологических элементов самообучающегося "искусственного интеллекта" при информационной ресурсной поддержке международной веб-группы 103news.com в партнёрстве с сайтом SportsWeek.org и проектами: "Love", News24, Ru24.pro, Russia24.pro и др.