Добавить новость
Апрель 2015
Май 2015
Июнь 2015
Июль 2015
Август 2015
Сентябрь 2015
Октябрь 2015
Ноябрь 2015
Декабрь 2015
Январь 2016
Февраль 2016
Март 2016
Апрель 2016
Май 2016
Июнь 2016
Июль 2016
Август 2016
Сентябрь 2016
Октябрь 2016
Ноябрь 2016
Декабрь 2016
Январь 2017
Февраль 2017
Март 2017
Апрель 2017
Май 2017
Июнь 2017
Июль 2017
Август 2017
Сентябрь 2017
Октябрь 2017
Ноябрь 2017
Декабрь 2017
Январь 2018
Февраль 2018
Март 2018
Апрель 2018
Май 2018
Июнь 2018
Июль 2018
Август 2018
Сентябрь 2018
Октябрь 2018
Ноябрь 2018
Декабрь 2018 Январь 2019 Февраль 2019 Март 2019 Апрель 2019 Май 2019 Июнь 2019 Июль 2019 Август 2019 Сентябрь 2019 Октябрь 2019 Ноябрь 2019 Декабрь 2019 Январь 2020 Февраль 2020 Март 2020 Апрель 2020 Май 2020 Июнь 2020 Июль 2020 Август 2020 Сентябрь 2020 Октябрь 2020 Ноябрь 2020 Декабрь 2020 Январь 2021 Февраль 2021 Март 2021 Апрель 2021 Май 2021 Июнь 2021 Июль 2021 Август 2021 Сентябрь 2021 Октябрь 2021 Ноябрь 2021 Декабрь 2021 Январь 2022 Февраль 2022 Март 2022 Апрель 2022 Май 2022 Июнь 2022 Июль 2022 Август 2022 Сентябрь 2022 Октябрь 2022 Ноябрь 2022 Декабрь 2022 Январь 2023 Февраль 2023 Март 2023 Апрель 2023 Май 2023 Июнь 2023 Июль 2023 Август 2023 Сентябрь 2023 Октябрь 2023 Ноябрь 2023 Декабрь 2023 Январь 2024 Февраль 2024 Март 2024 Апрель 2024 Май 2024 Июнь 2024 Июль 2024 Август 2024 Сентябрь 2024 Октябрь 2024 Ноябрь 2024 Декабрь 2024 Январь 2025 Февраль 2025 Март 2025 Апрель 2025 Май 2025 Июнь 2025 Июль 2025 Август 2025 Сентябрь 2025 Октябрь 2025 Ноябрь 2025 Декабрь 2025 Январь 2026 Февраль 2026 Март 2026 Апрель 2026 Май 2026
1
2
3
4
5
6
7
8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Поиск города

Ничего не найдено

Сағынтаев "қисайған үй" тұрғындарын уақытша басқа жаққа көшіретінін айтты

0 26
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Зерделідегі "қисайған үй" тұрғындарын уақытша басқа жаққа көшіретінін айтты. Әкім бұл сөзін 14 желтоқсанда түс кезінде ғимараттың қауіпсіздігіне алаңдап, мектепке жиналған жүзге тарта тұрғын алдында айтты. 


- Сіздерді көшіру туралы шешім қабылдадық. Оған ақша бөлінді. Ақша аудандық әкімнің шотына түседі, - деді Бақытжан Сағынтаев. 


Бір аптадан бері өздері тұрып жатқан тоғыз қабатты ғимараттың бір жаққа қарай қисайғанына шағымданып келген Алматының "Зерделі" (бұрынғы - Алғабас-6) шағын ауданындағы №179 үй тұрғындары сенбі күнгі жиналыста биліктен "апатты үйдің" жарамдылығын анықтап, баспана мәселесін шешіп беруді талап еткен еді.


- Алғашқы жұмыс күні (18 желтоқсан - ред.) ақша түседі. Тұратын пәтерді не өздеріңіз, не біз тауып береміз. Бір ай бола ма, екі ай бола ма - анықтаймыз. Зерттеу үйде тұруға болмайды десе, үйді күрейміз. Үй күрелсе, әкімдік есебінен тұрғындарға жаңа үй беріледі. Жапсарлас жатқан барлық үй зерттеледі, - деді Бақытжан Сағынтаев. 


Жиналыс кезінде наразы жұрт жантайған үйді салған "АГС Пласт" компаниясының өкілінен жауап алуды талап етті. Бірақ Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев "Бізде әлі зерттеу қорытындысы жоқ. "Кінәсіздік презумпциясы" деген бар. Үйдің ахуалын анықтап алайық. Кінәлілерді сосын табамыз" деді.


Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары Берік Адамов та "мемлекеттік және тәуелсіз қорытындыны зерттейміз, қорытындысы шыққаннан кейін әрбір кезең бойынша (жобалау кезеңі, ғимаратты салу кезеңі т.с.с - Б.А) атқарылған жұмыстарға баға береміз" деді. 


Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының атқарушы директорының айтуынша, үй 7,5 сантиметрге қисайған. Ал тұруға жарамсыз деп тану үшін 8 сантиметр болуы керек. 


"Зерделідегі" №179 үйдің "қисайғаны" туралы ақпарат бірнеше күн бұрын тараған. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, бұған дейін әкімдіктің арнайы басқарма мамандары үйді тексеріп, "үй тұруға жарамды" деп мәлімдеген. Ал ғимараттың жоғары жағынан төменге жіп тастап, "өз бетімен тексеріс жасаған" тұрғындар үй "12-15 сантиметрге қисайды" деп айтқан еді. 14 желтоқсанға қараған түні тұрғындардың қорқып, ғимарат ішіне кіре алмағаны, кейбір адамдардың көшіп жатқаны белгілі болған .     


2013 жылы "Қолжетімді баспана" мемлекеттік бағдарламасы бойынша пайдалануға берілген бұл тұрғын үйде 72 пәтер бар.


Алматыда "үйлердің қисаю мәселесі" осыдан бірнеше жыл бұрын да байқалған. 2016 жылы Алғабастағы тоғызқабатты тұрғын үйдің 32 сантиметрге қисайғаны анықталып, жергілікті билік оларды сүру керек деп мәлімдеген.




Все города России от А до Я

Загрузка...

Moscow.media

Читайте также


Загрузка...
Ria.city
Rss.plus


Новости последнего часа со всей страны в непрерывном режиме 24/7 — здесь и сейчас с возможностью самостоятельной быстрой публикации интересных "живых" материалов из Вашего города и региона. Все новости, как они есть — честно, оперативно, без купюр.




Пласт на Russian.city


News-Life — паблик новостей в календарном формате на основе технологичной новостной информационно-поисковой системы с элементами искусственного интеллекта, тематического отбора и возможностью мгновенной публикации авторского контента в режиме Free Public. News-Life — ваши новости сегодня и сейчас. Опубликовать свою новость в любом городе и регионе можно мгновенно — здесь.
© News-Life — оперативные новости с мест событий по всей России (ежеминутное обновление, авторский контент, мгновенная публикация) с архивом и поиском по городам и регионам при помощи современных инженерных решений и алгоритмов от NL, с использованием технологических элементов самообучающегося "искусственного интеллекта" при информационной ресурсной поддержке международной веб-группы 103news.com в партнёрстве с сайтом SportsWeek.org и проектами: "Love", News24, Ru24.pro, Russia24.pro и др.