Добавить новость
Декабрь 2014
Январь 2015
Февраль 2015
Март 2015
Апрель 2015
Май 2015
Июнь 2015
Июль 2015
Август 2015
Сентябрь 2015
Октябрь 2015
Ноябрь 2015
Декабрь 2015
Январь 2016
Февраль 2016
Март 2016
Апрель 2016
Май 2016
Июнь 2016
Июль 2016
Август 2016
Сентябрь 2016
Октябрь 2016
Ноябрь 2016
Декабрь 2016
Январь 2017
Февраль 2017
Март 2017
Апрель 2017
Май 2017
Июнь 2017
Июль 2017
Август 2017
Сентябрь 2017 Октябрь 2017
Ноябрь 2017
Декабрь 2017
Январь 2018
Февраль 2018
Март 2018
Апрель 2018
Май 2018
Июнь 2018
Июль 2018
Август 2018 Сентябрь 2018 Октябрь 2018
Ноябрь 2018
Декабрь 2018 Январь 2019 Февраль 2019 Март 2019 Апрель 2019 Май 2019 Июнь 2019 Июль 2019 Август 2019 Сентябрь 2019 Октябрь 2019 Ноябрь 2019 Декабрь 2019 Январь 2020 Февраль 2020 Март 2020 Апрель 2020 Май 2020 Июнь 2020 Июль 2020 Август 2020 Сентябрь 2020 Октябрь 2020 Ноябрь 2020 Декабрь 2020 Январь 2021 Февраль 2021 Март 2021 Апрель 2021 Май 2021 Июнь 2021 Июль 2021 Август 2021 Сентябрь 2021 Октябрь 2021 Ноябрь 2021 Декабрь 2021 Январь 2022 Февраль 2022 Март 2022 Апрель 2022 Май 2022 Июнь 2022 Июль 2022 Август 2022 Сентябрь 2022 Октябрь 2022 Ноябрь 2022 Декабрь 2022 Январь 2023 Февраль 2023 Март 2023 Апрель 2023 Май 2023 Июнь 2023 Июль 2023 Август 2023 Сентябрь 2023 Октябрь 2023 Ноябрь 2023 Декабрь 2023 Январь 2024 Февраль 2024 Март 2024 Апрель 2024 Май 2024 Июнь 2024 Июль 2024 Август 2024 Сентябрь 2024 Октябрь 2024 Ноябрь 2024 Декабрь 2024 Январь 2025 Февраль 2025 Март 2025 Апрель 2025 Май 2025 Июнь 2025 Июль 2025 Август 2025 Сентябрь 2025 Октябрь 2025 Ноябрь 2025 Декабрь 2025 Январь 2026 Февраль 2026 Март 2026 Апрель 2026 Май 2026 Июнь 2026 Июль 2026 Август 2026
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30
31

Поиск города

Ничего не найдено

"Полиция мазақ етіп отыр". Жүргізуші Ресейде жоғалтқан көлігін Қазақстаннан тауып алды

0 51

Ресейдің Миасс қаласының тұрғыны қазақстандық полицейлер әрекетіне шағымданды. Қаңтарда оның көлігі ұрланып, кейін ол Қазақстаннан табылған. Алайда ол көлігін әлі ала алмай жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.
Егор Мухорин 2021 жылдың 28 қаңтарында полицияға Renault Logan көлігі ұрланғаны туралы арызбен жүгінген. Жеке такси компаниясы бар Егор көлікті жалға берген, бірақ қызметкер желіге шықпай, үш рет қана төлем жасаған.

"Апта сайын жүргізушілер кеңсеге көліктерді тексеруге келеді, бірақ ол келмеді. Көлік жүрген жерді көрсететін маяк Қазақстан шекарасынан өтіп кеткенін көрдім де, Миасс полициясына жүгіндім. Бұрын, көлік Ресей Федерациясы аумағында болған кезде, жалға алушы ақша төлеген, сондықтан көліктің жүрген жерін бақыламадым", - дейді ресейлік.

Қостанайда маяк белгісі жоғалып кеткен. Сондықтан Мухорин сақтандыру компаниясына жүгінген, онда базадан көлік Жезқазғанда екені анықталған. Қостанайда көлікті Данияр деген жігіт сатып алған екен.

"Серега көлікті жалған төлқұжат бойынша сатқан. Оның кім екенін ешкім білмейді. Өйткені олар сатып алу-сату шартын жасаспаған. Менің ойымша, Данияр көліктің ұрланғанын болжауы мүмкін. Ол оны арзанға алған - 1 650 000 теңгеге, яғни оның құнынан екі есе аз. Оны қазақстандық есепке қойған жоқ", - дейді Егор.

Мухорин Даниярға көлік құжаттарын көрсетіп, полиция шақырған. 5 ақпанда жалған құжат жасау дерегі бойынша соталды тергеу тіркелген. Көлік Жезқаған қаласындағы полиция аумағына қойылған.

"Мен Ресейге оралып, барлық қажетті сараптама қорытындысын күтіп, қайта оралдым. Маған ұрлық жасаған адамның анықталғанын, одан мойындау айғақтары алынғанын түсіндірді. Қазіргі уақытта сот өтіп, ол 5,5 жылға сотталды", - деп еске алады Мухорин.

3 сәуірде Қарағанды ​​облысы бойынша ПД тергеу басқармасының бастығы іс бойынша өндірісті тоқтатты, ал Егор Мухорин бұл туралы хабардар етілмеген.
Қостанай мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен 5 сәуірде Жезқазған полиция бөлімі Даниярдың арызы бойынша Сергей есімді белгісіз тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша соталды тергеуді бастаған.
22 сәуірде көлік тексеріліп, Жезқазған қаласының айып тұрағына қойылған. 26 сәуірде Қылмыстық іс материалдары Жезқазған қалалық ІІД-нен Қарағанды ​​облысының прокурорына жолданған. 26 мамырда олар Қостанай қаласында – сатып алу-сату мәмілесі жасалған жерде өндіріске қабылданды.
2 маусымда Қостанай прокуроры соталды тергеу мерзімін 5 шілдеге дейін ұзартты. Ал 4 шілдеде Қостанай қалалық прокуратурасының аға прокуроры "Серега есімді азаматтың жеке басын анықтауға байланысты" соталды тергеуді тоқтату туралы қаулыны бекіткен.
Қыркүйекте Мухорин Қарағанды ​​облысы бойынша ІІД тергеу бөлімінің бастығына телефон соғып, көлігін алып кете алатынын, бірақ ол үшін арнайы тұрақтан көлікті шығаруға тергеушіден рұқсат алу керек екенін білген.

"Қазір мен Миастамын. Екі полиция бөлімі мен прокуратураның екі бөлімі әлі күнге дейін қайсысы көлікті экстрадициялау туралы қаулы шығаратынын шеше алмады. Тек мені мазақ етіп отыр, жауапкершілікті бір-бірінің мойнына артып отыр. Қазақстанда екі аптадан аса уақыт жүруге тура келеді деп ойлаған жоқпын, күн сайын қалалар арасында шамамен 1500 шақырым жол жүремін", - деді Мухорин.

18 қазанда Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі басылымға Қостанай мамандандырылған тергеу сотының 2021 жылғы 4 қазандағы қаулысына сілтеме жасай отырып, жағдайға қатысты пікір білдірген: ПБ Қостанай облысының солтүстік полиция бөлімінің лауазымды тұлғаларының Мухориннің оған көлік беру туралы өтінішін қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешімдері қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейді.

"ҚР ҚІЖК 118-бабына сәйкес автокөлік Жезқазған ҚПБ бастығының қаулысымен қылмыстық іс бойынша заттай айғақ ретінде танылды және сот үкімі немесе қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы заңды күшіне енгенге дейін тұрақта болады. Көлік қазір "Жезқазған әкімдігінің ЖК және АД қалалық жолдарын басқару" КМК аумағында орналасқан, ол оның сақталуына жауап береді ("ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің автокөлік құралдарын ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы Келісімнің" 6-бабына сәйкес)", - деді баспасөз қызметі өкілдері.

Қылмыстық істі тергеу нәтижелері бойынша оған қатысушыларды хабардар ете отырып, түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.
Яғни ПД баспасөз қызметі мәліметінше, олар Сереганы таппайынша, Егор Мухорин көлікті қамаудан алып кете алмайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!





Все города России от А до Я

Загрузка...

Moscow.media

Читайте также

В тренде на этой неделе

Как завод УРАЛ формирует линейку грузовой техники

Не просто дома, а кварталы для жизни: ГК «КОРТРОС» о новом подходе к застройке Челябинска


Загрузка...
Rss.plus


Новости последнего часа со всей страны в непрерывном режиме 24/7 — здесь и сейчас с возможностью самостоятельной быстрой публикации интересных "живых" материалов из Вашего города и региона. Все новости, как они есть — честно, оперативно, без купюр.




Миасс на Russian.city


News-Life — паблик новостей в календарном формате на основе технологичной новостной информационно-поисковой системы с элементами искусственного интеллекта, тематического отбора и возможностью мгновенной публикации авторского контента в режиме Free Public. News-Life — ваши новости сегодня и сейчас. Опубликовать свою новость в любом городе и регионе можно мгновенно — здесь.
© News-Life — оперативные новости с мест событий по всей России (ежеминутное обновление, авторский контент, мгновенная публикация) с архивом и поиском по городам и регионам при помощи современных инженерных решений и алгоритмов от NL, с использованием технологических элементов самообучающегося "искусственного интеллекта" при информационной ресурсной поддержке международной веб-группы 103news.com в партнёрстве с сайтом SportsWeek.org и проектами: "Love", News24, Ru24.pro, Russia24.pro и др.