Добавить новость
Март 2012
Апрель 2012
Май 2012
Июнь 2012
Июль 2012
Август 2012
Сентябрь 2012
Октябрь 2012
Ноябрь 2012
Декабрь 2012
Январь 2013
Февраль 2013
Март 2013
Апрель 2013
Май 2013
Июнь 2013
Июль 2013
Август 2013
Сентябрь 2013
Октябрь 2013
Ноябрь 2013
Декабрь 2013
Январь 2014
Февраль 2014
Март 2014
Апрель 2014
Май 2014
Июнь 2014
Июль 2014
Август 2014
Сентябрь 2014
Октябрь 2014
Ноябрь 2014
Декабрь 2014
Январь 2015
Февраль 2015
Март 2015
Апрель 2015
Май 2015
Июнь 2015
Июль 2015
Август 2015
Сентябрь 2015
Октябрь 2015
Ноябрь 2015
Декабрь 2015
Январь 2016
Февраль 2016
Март 2016
Апрель 2016
Май 2016
Июнь 2016
Июль 2016
Август 2016
Сентябрь 2016
Октябрь 2016
Ноябрь 2016
Декабрь 2016
Январь 2017
Февраль 2017
Март 2017
Апрель 2017
Май 2017
Июнь 2017
Июль 2017
Август 2017
Сентябрь 2017
Октябрь 2017
Ноябрь 2017
Декабрь 2017
Январь 2018
Февраль 2018
Март 2018
Апрель 2018
Май 2018
Июнь 2018
Июль 2018
Август 2018 Сентябрь 2018 Октябрь 2018 Ноябрь 2018 Декабрь 2018 Январь 2019 Февраль 2019 Март 2019 Апрель 2019 Май 2019 Июнь 2019 Июль 2019 Август 2019 Сентябрь 2019 Октябрь 2019 Ноябрь 2019 Декабрь 2019 Январь 2020 Февраль 2020 Март 2020 Апрель 2020 Май 2020 Июнь 2020 Июль 2020 Август 2020 Сентябрь 2020 Октябрь 2020 Ноябрь 2020 Декабрь 2020 Январь 2021 Февраль 2021 Март 2021 Апрель 2021 Май 2021 Июнь 2021 Июль 2021 Август 2021 Сентябрь 2021 Октябрь 2021 Ноябрь 2021 Декабрь 2021 Январь 2022 Февраль 2022 Март 2022 Апрель 2022 Май 2022 Июнь 2022 Июль 2022 Август 2022 Сентябрь 2022 Октябрь 2022 Ноябрь 2022 Декабрь 2022 Январь 2023 Февраль 2023 Март 2023 Апрель 2023 Май 2023 Июнь 2023 Июль 2023 Август 2023 Сентябрь 2023 Октябрь 2023 Ноябрь 2023 Декабрь 2023 Январь 2024 Февраль 2024 Март 2024 Апрель 2024 Май 2024 Июнь 2024 Июль 2024 Август 2024 Сентябрь 2024 Октябрь 2024 Ноябрь 2024 Декабрь 2024 Январь 2025 Февраль 2025 Март 2025 Апрель 2025 Май 2025 Июнь 2025 Июль 2025 Август 2025 Сентябрь 2025 Октябрь 2025 Ноябрь 2025 Декабрь 2025 Январь 2026 Февраль 2026 Март 2026 Апрель 2026 Май 2026 Июнь 2026 Июль 2026 Август 2026 Сентябрь 2026
1 2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Поиск города

Ничего не найдено

Халық табысын арттыру, Рим Папасының келуі. 11 cәуірде Қазақстанда және әлемде не болды?

0 66

Биыл Рим Папасы Қазақстанға келеді. АҚШ билігі Тоқаевтың саяси күн тәртібін қолдайтынын айтты. Қазақстанда АЕК және ең төменгі күнкөріс деңгейі артуы мүмкін. Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады.
Қазақстанда сынақтан өткен ойыншықтардың жартысына жуығы қауіпті
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері ай сайын ойыншықтардың қауіпсіздігіне мониторинг жүргізеді. Осылайша, 2022 жылдың 2 айында республика бойынша 397 үлгі іріктеліп, зерттелді, оның 173-і талаптарға сәйкес келмеді, бұл 43,5 пайызды құрады. Оның ішінде, отандық -1 (0,5 пайыз), ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер - 16 (9,2 пайыз), басқа елдер - 156 (90,1 пайыз).
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жаңа басшы
Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. 
Фото: Ақорда
Жамбыл облысында жоғалып кеткен сарбаз өлі табылды 
Жамбыл облысындағы "Андас батыр" шекара бөлімінен жоғалып кеткен сарбаз өлі табылды. 10 сәуірде сағат 17:40 шамасында Панфилов Ішкі істер департаментінің кезекші бөліміне мемлекеттік шекара маңында 20-25 жастағы ер адам өлі табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары жартаста өз белдігіне асылған мәйітті тапты. Факт ақпаратты тіркеу журналына тіркелді. Ведомство мәліметінше, марқұм 19 жастағы Қазақстан азаматы Б.Ұ. екені анықталып, сараптама тағайындалған.
Фото: Туыстары ұсынған
Қазақстанда астық тапшылығы бар ма?
Қазақстанда астық тапшылығы жоқ, дән жеткілікті. Бұл туралы ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді. Алдын ала статистикалық мәлімет бойынша, 1 сәуірде республикада 6,4 миллион тонна астық болған. Вице-министрдің айтуынша, ішкі тұтынуды есептегенде, бұл көлем өзімізде қалдыруға және бір бөлігін ұн ретінде экспортқа жіберуге жеткілікті.
Қазақстанда нан қымбаттауы мүмкін бе?
Ауыл шаруашылығы министрлігінің егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтанов Қазақстанда әлеуметтік нан қымбаттамайтынын жеткізді. Оның сөзінше, әлеуметтік нан бағасы мемлекет тарапынан бекітіліп, мониторингта болады. Оның бағасы өңірлерде тұрақты. Бағасы өзгермейді. Егер ұн өндірістерінде тапшылық не басқа да қымбаттау болса, бұл жағдайда субсидиялау бойынша бағдарлама іске қосылады. Өңірлерде нанды қазіргі баға бойынша өндіру белгіленеді. Яғни әлеуметтік нанның қымбаттауына негіз жоқ. Азат Сұлтанов басқа нан өнімдері - круасан, багет және тағы басқасының бағасы шикізат бағасына қарай белгіленетінін атап өтті. 
Қазақстанда АЕК және ең төменгі күнкөріс деңгейі артуы мүмкін 
Қаржы министрлігі "2022-2024 жылға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын дайындады. Заң жобасына сәйкес, Қазақстанда 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 20 191 теңге (қазіргі уақытта 19 450 теңге), ең төменгі зейнетақы - 48 032 теңге (қазіргі уақытта 46 302 теңге), жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұл, салық және басқа да төлемдер үшін айлық есептік көрсеткіш - 3180 теңге (қазіргі уақытта 3 063 теңге), базалық әлеуметтік төлемдер мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі - 37 389 теңге (қазіргі уақытта 36 018 теңге) болуы мүмкін. Заң жобасын ресми талқылау 21 сәуірге дейін жалғасады.
Алик Айдарбаев "ҚазМұнайГаз" төрағалығынан кетті
"Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының шешімімен Құрманғазы Есқазиев "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды. Ал Алик Айдарбаевтың басқарма төрағасы ретіндегі өкілеттігі берген өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Алик Айдарбаев. Фото facebook.com 
Қорғаныс министрлігінде ауыс-түйіс болды 
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың бұйрығымен Генерал-майор Алмаз Шұғайұлы Ахмадиев Қазақстан Қарулы Күштерінің Тыл бастығы лауазымына, полковник Бақытбек Сапарбекұлы Сыдықов Қазақстан Қарулы Күштері Қару-жарағының бастығы лауазымына тағайындалды. 
АҚШ Тоқаевтың саяси күн тәртібін қолдайтынын айтты
АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Узра Зея АҚШ Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси күн тәртібін қолдайтынын айтты. Нұр-Сұлтандағы Сыртқы істер министрлігі ғимаратында журналистер алдында сөйлеген сөзінде АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары екіжақты қарым-қатынастардың 30 жылдығын тойлап жатқанын атап өтті. Оның сөзінше, АҚШ билігі Орталық Азия елдерімен байланыс орнатуда Қазақстанның маңызын жақсы түсінеді.
Фото:eadaily.com
АҚШ санкциялардың Қазақстанға әсерін жеңілдетуге тырысады
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға әсері туралы айтты. Оның сөзінше, Үкімет АҚШ өкілдерімен барлық деңгейде белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр. Сыртқы істер министрлігі бұған дейін мүдделі тараптар арасында келіссөздердің бірнеше раундын ұйымдастырған. Келіссөздерге мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҰКП өкілдері, АҚШ тарапынан елшілік, Мемлекеттік департамент және басқа да ведомство өкілдері қатысқан. Консультация барысында біздің тарапқа санкцияларға байланысты жауаптар берілді. Америкалықтар бұл санкциялардың Қазақстан экономикасына тигізетін әсерін жеңілдету үшін барынша тырысып жатыр.
Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде күдікті деп танылған жоғары лауазымды полицейлерге қандай айып тағылды?
ҰҚК және Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы Полиция департаменттерінің, Алматы әуежайы ғимаратын қараусыз қалдырып кету дерегі бойынша жұмыстар жалғасады. Бұл орган жетекшілері күдікті ретінде танылған. Жамбыл облыстық Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары қызметтік қаруды сақтауға жауапты болған және арсеналдың бір бөлігін талан-таражға салуға жол берген. Нәтижесінде, қылмыскерлер 610 қару-жарақ, соның ішінде пулемет, тапанша және гранатометтерді алып кеткен. Бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, қазіргі уақытта 206 қару ғана табылған, қалғаны қылмыскерлер қолында. 
Тоқаев халық табысын арттыру бойынша тапсырма берді 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановты қабылдады. Президентке халықтың табысын арттыру бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берілді. Ералы Тоғжанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа жалақыны көтеру ісінің 1 миллионнан астам бюджеттік сала қызметкерлері мен квазимемлекеттік сектордың өндірістік персоналын қамтитынын хабарлады. Сондай-ақ кәсіпкерлікке міндеттемелер белгілеу арқылы мемлекеттен көмек алатын ірі бизнестегі 2,8 миллион қызметкердің еңбек табысын арттыру қарастырылған. Кездесу соңында Президент халықтың табысын арттырудың айрықша маңызды екенін атап өтіп, Үкіметке бұл мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.
Фото: Ақорда 
Ономастикалық комиссия жаңа облыстар атауын мақұлдады  
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың төрағалығымен Үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтті. Отырыста жаңа облыстардың атауы мақұлданды. Отырыс қорытындысы бойынша комиссия мүшелері әкімдіктердің ұсынысын мақұлдады. Жақын арада комиссияның қорытындысы дайындалып, заңнамаға сәйкес одан әрі жұмыс істеу үшін облыстардың әкімдіктеріне жіберілетін болады. Бұған дейін республикалық ономастика комиссиясы Қапшағай қаласын Қонаев деп қайта атау туралы оң қорытынды берген болатын.
Рим Папасы Қазақстанға келеді 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс режимде Рим Папасы Францискпен келіссөз жүргізді. Кездесу барысында Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың перспективалары, сондай-ақ конфессияаралық келісім мен дінаралық диалогты ілгерілету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, биыл қыркүйек айында елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің күн тәртібіне баса мән берілді. Рим Папасы Қазақстанға ресми сапармен келетінін, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысатынын растады. Сондай-ақ өзінің Қазақстанға сапары мен алдағы уақытта өтетін форумнан үлкен үміт күтетінін жеткізді.
Фото: Ақорда  
Францияда сайлаудың алғашқы нәтижелерінен кейін жаппай наразылық басталды 
Францияның бірқатар қаласында президент сайлауының бірінші турының қорытындысына қарсы жаппай наразылық шерулері өтті. Тек Ренн қаласында наразылыққа 500-ге жуық адам шыққан, көпшілігі - жастар. Белсенділер антикапиталистік және антифашизмге қарсы ұрандар айтып, қала орталығын аралап өткен. Наразылық білдірушілер президент сайлауына түскендердің ешқайсын - Эммануэль Макронды да, Марин Ле Пенді де қолдамайтындарын айтты.

Barricade en cours à Rennes. Les forces de l'ordre dont au bout de la rue pic.twitter.com/L2nqzujK4j
— France Bleu Armorique (@bleuarmorique) April 10, 2022
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!





Все города России от А до Я

Загрузка...

Moscow.media

Читайте также


Загрузка...
Rss.plus


Новости последнего часа со всей страны в непрерывном режиме 24/7 — здесь и сейчас с возможностью самостоятельной быстрой публикации интересных "живых" материалов из Вашего города и региона. Все новости, как они есть — честно, оперативно, без купюр.




Зея на Russian.city


News-Life — паблик новостей в календарном формате на основе технологичной новостной информационно-поисковой системы с элементами искусственного интеллекта, тематического отбора и возможностью мгновенной публикации авторского контента в режиме Free Public. News-Life — ваши новости сегодня и сейчас. Опубликовать свою новость в любом городе и регионе можно мгновенно — здесь.
© News-Life — оперативные новости с мест событий по всей России (ежеминутное обновление, авторский контент, мгновенная публикация) с архивом и поиском по городам и регионам при помощи современных инженерных решений и алгоритмов от NL, с использованием технологических элементов самообучающегося "искусственного интеллекта" при информационной ресурсной поддержке международной веб-группы 103news.com в партнёрстве с сайтом SportsWeek.org и проектами: "Love", News24, Ru24.pro, Russia24.pro и др.