Добавить новость
Октябрь 2018
Ноябрь 2018
Декабрь 2018 Январь 2019 Февраль 2019 Март 2019 Апрель 2019 Май 2019 Июнь 2019 Июль 2019 Август 2019 Сентябрь 2019 Октябрь 2019 Ноябрь 2019 Декабрь 2019 Январь 2020 Февраль 2020 Март 2020 Апрель 2020 Май 2020 Июнь 2020 Июль 2020 Август 2020 Сентябрь 2020 Октябрь 2020 Ноябрь 2020 Декабрь 2020 Январь 2021 Февраль 2021 Март 2021 Апрель 2021 Май 2021 Июнь 2021 Июль 2021 Август 2021 Сентябрь 2021 Октябрь 2021 Ноябрь 2021 Декабрь 2021 Январь 2022 Февраль 2022 Март 2022 Апрель 2022 Май 2022 Июнь 2022 Июль 2022 Август 2022 Сентябрь 2022 Октябрь 2022 Ноябрь 2022 Декабрь 2022 Январь 2023 Февраль 2023 Март 2023 Апрель 2023 Май 2023 Июнь 2023 Июль 2023 Август 2023 Сентябрь 2023 Октябрь 2023 Ноябрь 2023 Декабрь 2023 Январь 2024 Февраль 2024 Март 2024 Апрель 2024 Май 2024 Июнь 2024 Июль 2024 Август 2024 Сентябрь 2024 Октябрь 2024 Ноябрь 2024 Декабрь 2024 Январь 2025 Февраль 2025 Март 2025 Апрель 2025 Май 2025 Июнь 2025 Июль 2025 Август 2025 Сентябрь 2025 Октябрь 2025 Ноябрь 2025 Декабрь 2025 Январь 2026 Февраль 2026 Март 2026 Апрель 2026 Май 2026
1 2 3 4 5 6 7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Поиск города

Ничего не найдено

Шығыстың "Үздік педагогы"

0 105
Бүгінгі қоғамда ұстаздар қауымына лайықты құрмет көрсетіле ме? Осы және өзге де білім саласындағы мәселелер, өзгерістер төңірегінде Өскемен жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы және "Үздік педагог-2020" республикалық байқауының жеңімпазы Марал Нигметжановамен әңгіме өрбіткен едік... 

Әңгімеңізді туған жеріңізден бастасаңыз...

- Мен 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданына қарасты Тәуке ауылында дүниеге келдім. Бала күннен ұстаз болуды армандаған мен 1991 жылы Төлеген Тоқтаров атындағы орта мектепті бітіріп, Өскемен педагогикалық училищесіне оқуға түстім. 1995 жылы Өскемен педагогикалық колледжін "Негізгі мектептің бастауыш сынып, ұлттық мектепте қазақ тілі мұғалімі" біліктілігімен аяқтадым. Кейін 1997-1999 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін "орыс мектебіндегі қазақ тілі" мамандығы бойынша тәмәмдадым. 2001 жылы Д. Серікбаев атындағы ШҚМУ-ға түсіп, 2004 жылы "Лингвистика бағыты бойынша лингвистика магистрі" біліктілігі мен академиялық дәрежесін алдым. 2013-2015 жыл аралығында Д. Серікбаев атындағы ШҚМУ-дың "Автоматтандыру және басқару" мамандығын меңгеріп шықтым.

Алғашқы еңбек жолыңыз қалай басталды? Қандай сезімде болдыңыз? 

- Жалпы жұмыс өтілім - 25 жыл. Қазіргі таңда Өскемен жоғары политехникалық колледжі директорының "Энергетика" бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі жөніндегі орынбасарымын және қазақ тілі, мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу пәні бойынша жоғары санатты оқытушымын. Алғашқы жұмысымды Өскемен қаласындағы №14 толық емес орта мектепте бастауыш сыныбы мұғалімі болып бастадым. Ол кезде мен 4-курс студенті болатынмын. Аталған мектептің директоры келіп, бізге балаларға сабақ өткізуге ұсыныс тастады. Колледж директоры мен оқытушыларым бір ауыздан мені ұсынған екен. Бірақ мен бірден жауап бере алмай, бастапқыда бойымды үрей билегені рас. Бірақ ұсынысты қабыл алдым, біраз уақыт сол мектепте қызмет еттім. Кейін жұмыс ауыстырып, қаладағы бұрынғы №40 орта мектепте орыс сыныбына қазақ тілінен сабақ бердім. 2003 жылдан бастап Өскемен жоғары политехникалық колледжіне жұмысқа орналастым. Сонымен бірге, "Talap" коммерциялық емес акционерлік қоғамы, оқу-тренинг орталығының штаттан тыс тренерімін. 2016-2019 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерінің және оларға теңестірілген тұлғаларына түрлі тақырыптарда біліктілікті арттыру курстарын өткізіп, сертификаттар табыстадық. 

"Үздік педагог-2020" республикалық байқауының жеңімпазы атандыңыз. Байқау несімен ерекшеленді? 

- Бұл жыл мен үшін табысты болды. Кәсіби шеберлігімді шыңдауда облыстық және республикалық деңгейдегі жобалар мен байқауларға қатысып келемін. Соның ішіндегі "Үздік педагог-2020" байқауы мен үшін ең маңызды болды. Себебі бұл байқау педагогикалық іс-тәжірибенің оң нәтижесін көрсетіп, білімді де білікті ұстаздар арасынан топ жарып шығып, үздік ұстаздар қатарынан көрінуге жол ашады. "Үздік педагог-2020" облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша байқауға қатысқан 17 колледж ұстаздарының ішінен жеңіп алып, республикалық деңгейге қатысуға жолдама алдым. Республикалық байқаудан жеңімпаз атанғанымды естігенде ерекше қуандым және жүрегімді мақтаныш сезімі кернеді. Бұл байқау мен үшін педагогтік қызметімнің жаңа бір белесі деп ұғынамын. Бұл жетістік өзімнің жылдар бойы жинақтаған педагогикалық іс-тәжірибемнің нәтижесі деп білемін. Осы орайда маған үнемі колдау көрсетіп, күш беріп отырған отбасыма алғысым шексіз. Сонымен қоса, облыстық білім басқармасына және колледж басшылығына алғысымды білдіремін. 

Тәжірибеңізді жетілдіру, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру үшін қандай да бір курстардан өтесіз бе? 

- Мен тәжірибемді жетілдіру, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын, әдіс-тәсілерін енгізу, іс-тәжірибеммен бөлісу үшін "KAZENERGY" ассоциациясы, "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" АҚ филиалы, Өскемен политехникалық колледжінің ресурстық орталығы, "Talap" КЕАҚ (бұрынғы "Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ), "Эду Трэвел" халықаралық білім беру бағдарламалары агентігі, "Педагогикалық шеберлік орталығы" мекемесінің бірнеше біліктілікті арттыру курстарынан өтіп отырамын. Шетелдік тәжірибені зерделеуде "Туран-Профи" халықаралық кәсіптік академия БАИ ұйымдастыруымен 2013 жылы Минск қаласында (Беларусь Республикасы) "Құзыреттілікке негізделген модульдік оқу бағдарламаларын дайындау және енгізу" тақырыбында курстан өтіп, әріптестеріммен бірлесе отырып, "Электр станциялары мен желілердің электр жабдығы" мамандығына арналған құзыреттілікке негізделген экспериментальды модульдік оқу бағдарламасын әзірледік. Меніңше, әр ұстаз оқушыға сапалы білім берем десе, міндетті түрде курстарға қатысып, біліктілігін арттырып отыруы керек.

Бүгінгі жаңартылған білім беру бағдарламасы туралы жеке пікіріңіз қандай?

- Ұстаздар жаңа үрдіске әрдайым дайын болуы керек. Қазір модульдік оқыту бағдарламасын енгіздік. Бағдарламаның ерекшелігі - студент екі бірдей біліктілікті алып шығу мүмкіншілігіне ие. Бізде жұмысшы мамандықтар тегін оқытылады. Бұл студенттер үшін өте тиімді деп ойлаймын. Келесі жылдан бастап бізде академиялық бостандық енгізіледі. Академиялық бостандықтың да өзіндік ерекшелігі бар. Яғни, баланың бойында қандай да бір білімі, дағдысы болса, ол кредит ретінде есептелінеді. Өзі білген сабақты қайтадан қайталап оқымайды. Сол арқылы ол өзіне басқа мамандық таңдауына мүмкіндік алады.

Соңғы кезде ұстаздарға үш тілді толық меңгеру талабы қойылып жүр. Бұл мәселе оқу орындарында қалай жүзеге асып жатыр?

- Бізде CLIL деген әдістеме бар. CLIL - пән мазмұны мен тілді бірлесе оқыту технологиясы. Яғни, оқытушылар сабақ барысында тек термин сөздерді үш тілде ғана айтып, келесі курста сөйлемдер құрастыруға көшеді. Қазір оқу үрдісінде арнайы пәндердің мұғалімдері ағылшын тілін жетік білмейді. 10 жылдан артық жұмыс істеген ұстаздарға осы мәселе қиындық тудырып отыр. Жас мамандар ғана сабақты үш тілде жүргізіп келеді. Меніңше, осындай бастаманы мектептен және университет қабырғасынан бастау керек. Жоғары оқу орнынан үш тілді меңгерген мамандар ғана бұл үрдіске еш қиналмай ілесе алады.

"Қашықтан оқу балаға білім болмайды" деп жиі айтады халық. Сіз қалай ойлайсыз? 

- Қазіргі онлайн оқуға байланысты студенттерге берілетін тапсырма көлемі де күрделене түсті. Себебі бұрын 90 минутта беретін сабақты енді 30 минутта беру мүмкін емес. Балалардың онлайн жүйеге кіріп-шыққанының өзіне біраз уақыт кетеді. Онлайн оқу мен дәстүрлі оқытудың арасы жер мен көктей. Сондықтан балалар бір-бірінен тапсырмаларды көшірмес үшін ұстаздар студенттерге жеке-жеке тапсырма береді. Бізде кейбір балалардың ауылдарында интернет жоқ болғандықтан ол балалар колледж жатақханасында тұрып сабақ оқи алады. Жатақхана интернет, компьютерлермен толық қамтамасыз етілген. Ескерте кетейік, мұнда карантиндік талаптар барынша сақталуда. 

Жанұяңыз жайында айта кетсеңіз...

- Адамның байлығы - отбасы ғой. Күнделікті жұмысымнан бөлек балаларымның тәрбиесін де назардан тыс қалдырмаймын. Балам спортқа жақын болғандықтан үнемі жарыстарына апарып, қолдау көрсетіп жүремін. Кейде жұмысқа ерте келіп, кеш қайтып жатамыз. Осының бәріне түсіністікпен қараған жанұяма алғысым шексіз.
Биыл техникалық және кәсіптік білім беруге 80 жыл толуына орай барша ұстаздар қауымын, қымбатты әріптестерімді шын жүректен құттықтаймын!

Сұхбатыңызға рахмет!




Все города России от А до Я

Загрузка...

Moscow.media

Читайте также

В тренде на этой неделе

Ховалыг: Режим ЧС регионального значения вводится в лесах Тувы из-за пожаров

В Туве продолжается тушение лесных пожаров на площади более 2,5 тыс. га

Площадь лесных пожаров в Туве выросла до 1,6 тыс. га

Три азербайджанских шахматиста входят в десятку Baku Open

Новости Тувы



Глава Тувы Владислав Ховалыг

Частные объявления в Туране



Загрузка...
Rss.plus
Rss.plus


Новости последнего часа со всей страны в непрерывном режиме 24/7 — здесь и сейчас с возможностью самостоятельной быстрой публикации интересных "живых" материалов из Вашего города и региона. Все новости, как они есть — честно, оперативно, без купюр.




Туран на Russian.city


News-Life — паблик новостей в календарном формате на основе технологичной новостной информационно-поисковой системы с элементами искусственного интеллекта, тематического отбора и возможностью мгновенной публикации авторского контента в режиме Free Public. News-Life — ваши новости сегодня и сейчас. Опубликовать свою новость в любом городе и регионе можно мгновенно — здесь.
© News-Life — оперативные новости с мест событий по всей России (ежеминутное обновление, авторский контент, мгновенная публикация) с архивом и поиском по городам и регионам при помощи современных инженерных решений и алгоритмов от NL, с использованием технологических элементов самообучающегося "искусственного интеллекта" при информационной ресурсной поддержке международной веб-группы 103news.com в партнёрстве с сайтом SportsWeek.org и проектами: "Love", News24, Ru24.pro, Russia24.pro и др.