Добавить новость
Июнь 2011
Июль 2011
Август 2011
Сентябрь 2011
Октябрь 2011
Ноябрь 2011
Декабрь 2011
Январь 2012
Февраль 2012
Март 2012
Апрель 2012
Май 2012
Июнь 2012
Июль 2012
Август 2012
Сентябрь 2012
Октябрь 2012
Ноябрь 2012
Декабрь 2012
Январь 2013
Февраль 2013
Март 2013
Апрель 2013
Май 2013
Июнь 2013
Июль 2013
Август 2013
Сентябрь 2013
Октябрь 2013
Ноябрь 2013
Декабрь 2013
Январь 2014
Февраль 2014
Март 2014
Апрель 2014
Май 2014
Июнь 2014
Июль 2014
Август 2014 Сентябрь 2014
Октябрь 2014
Ноябрь 2014
Декабрь 2014
Январь 2015
Февраль 2015 Март 2015
Апрель 2015
Май 2015
Июнь 2015
Июль 2015
Август 2015
Сентябрь 2015
Октябрь 2015 Ноябрь 2015 Декабрь 2015 Январь 2016 Февраль 2016 Март 2016 Апрель 2016 Май 2016
Июнь 2016
Июль 2016
Август 2016
Сентябрь 2016 Октябрь 2016 Ноябрь 2016 Декабрь 2016
Январь 2017
Февраль 2017 Март 2017
Апрель 2017
Май 2017
Июнь 2017
Июль 2017
Август 2017
Сентябрь 2017
Октябрь 2017
Ноябрь 2017
Декабрь 2017 Январь 2018
Февраль 2018
Март 2018
Апрель 2018
Май 2018
Июнь 2018 Июль 2018 Август 2018 Сентябрь 2018 Октябрь 2018 Ноябрь 2018 Декабрь 2018 Январь 2019 Февраль 2019 Март 2019 Апрель 2019 Май 2019 Июнь 2019 Июль 2019 Август 2019 Сентябрь 2019 Октябрь 2019 Ноябрь 2019 Декабрь 2019 Январь 2020 Февраль 2020 Март 2020 Апрель 2020 Май 2020 Июнь 2020 Июль 2020 Август 2020 Сентябрь 2020 Октябрь 2020 Ноябрь 2020 Декабрь 2020 Январь 2021 Февраль 2021 Март 2021 Апрель 2021 Май 2021 Июнь 2021 Июль 2021 Август 2021 Сентябрь 2021 Октябрь 2021 Ноябрь 2021 Декабрь 2021 Январь 2022 Февраль 2022 Март 2022 Апрель 2022 Май 2022 Июнь 2022 Июль 2022 Август 2022 Сентябрь 2022 Октябрь 2022 Ноябрь 2022 Декабрь 2022 Январь 2023 Февраль 2023 Март 2023 Апрель 2023 Май 2023 Июнь 2023 Июль 2023 Август 2023 Сентябрь 2023 Октябрь 2023 Ноябрь 2023 Декабрь 2023 Январь 2024 Февраль 2024 Март 2024 Апрель 2024 Май 2024 Июнь 2024 Июль 2024 Август 2024 Сентябрь 2024 Октябрь 2024 Ноябрь 2024 Декабрь 2024 Январь 2025 Февраль 2025 Март 2025 Апрель 2025 Май 2025 Июнь 2025 Июль 2025 Август 2025 Сентябрь 2025 Октябрь 2025 Ноябрь 2025 Декабрь 2025 Январь 2026 Февраль 2026 Март 2026 Апрель 2026 Май 2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
25
26
27
28
29
30
31

Поиск города

Ничего не найдено

Жүк көлігі жүргізушілері жолды ақылы етуге қарсылық танытты. Себебі не?

0 369
30 мамырда Қазақстан өңірлерінде жүк көліктері жол бойына тізіліп, маусымнан бастап жолды ақылы ету бастамасына наразылық білдірді. Билік жоспары бойынша ел аумағы бойынша 18 жол бөлігі ақылы болмақ. Алыс жолға жүретін көлік айдаушылар жол сапасының нашарлығын, жанармайдың қымбаттағанын, тасымал бағасының төмендігін айтады. Акциялардың біріне Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі мен ақылы жолдардың операторы "Қазавтожол" ұлттық компаниясының басшысы келді.


Жүк көлігін жүргізетін Жәнібек Оралхан – жолды ақылы етуге қарсы 30 мамыр күні өткен наразылық акциясына қатысқандардың бірі. Ол өзгелермен бірге көлігін Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы айналма жолдың Павлодарға апаратын бөлігінде жиекке қойып қойған.


– Жолдардың ақылы болуына қарсымыз. Жақында ғана жанармайдың бағасы өсірді. Жол ақылы болса, жанармай бағасы өссе, біз тасымалдау бағасын көтереміз, сосын азық-түлік қымбаттайды. Полиция келіп, үйтіп-бүйтіп таратып жіберді. Қазір шопырлардың атынан хат жазып, жолдайын деп отырмыз, – дейді Оралхан. – Жүк көлігінен шақырымына 25 теңге алады дейді. Алматы мен Нұр-Сұлтан арасын алатын болсақ, 1300 шақырымға 32500 теңге төлейді екенмін. Ал мен Алматыдан Нұр-Сұлтанға дейін 500-550 литр солярка жағып, 100 мың теңге жұмсаймын. Жолда доңғалақ жарылады. Жол мінсіз емес, тас бар, темір бар, тіліп кетеді. Жүк көлігінің бір дөңгелегі қазір 130 мың теңге тұрады.


Ақтөбе облысында жүк көлігі жүргізушілері жолды ақылы етуге қарсы наразылық өткізді




Жүргізушілер ақылы жолға балама ретінде санаты төмен тегін жол болуы керек дейді. Сөзінің мысалы ретінде Ресейде сондай балама тегін жолдардың барын айтты. Олар сондай-ақ Қазақстан жолдарының сапасы ақылы трассаларымен танымал Еуропада елдеріндегідей емес дейді.


– Бізде автобанның өзінде селкілдеп отырасың, бетонның беті тегіс емес, – дейді Жәнібек Оралхан.


Оралда наразылыққа 50-ден астам көлік жүргізушісі шықты. "Мой город" порталының хабарлауынша, көлік жүргізушілері жолды ақылы етпес бұрын оның сапасын арттыруды талап еткен.


– Біздің жолдарға қараңызшы. Мысалы Орал-Атырау жолын алыңыз. Ескерткіштерден көз алмайсыз. Барлығы апатты жағдайда, не үшін төлейміз? Жолда байланыс жоқ, жол бойында бұзылып қалса, тұрамыз. Өткендерден көмек сұрауға мәжбүрміз. Одан да жағдай жасап, сапалы жол салсын. Біз сондай-ақ алымның көлеміне келіспейміз, – деді жүк көлігін жүргізетін Александр "Мой город" порталына.


Шымкенттік жүргізуші Дильшаттың қыста жолдың тазаланбайтынын айтады.


– Жолдар өте нашар жағдайда. Жолды ақылы етуге қарсымыз. Жағдай жоқ, дәретхана жоқ. Көрші Ресейде ақылы жолда бар жағдай жасалған. Бізде қыс кезінде жол мүлдем тазаланбайды. Құм шашқандай болады, онысын видеоға түсіріп, есеп береді, сонымен болды. Осының салдарынан қаншама апат болды, – дейді ол.


Қазақстанда шынымен 2021 жылдың маусымынан бастап жолдарды ақылы етпек. Нақты күні белгісіз, бірақ ақылы болатыны – 18 учаске:



Шымкент – Өзбекстан шекарасы;
Орал – Ресей шекарасы (Саратов);
Орал – Ресей шекарасы (Самара);
Ресей шекарасы (Оренбург) – Ақтөбе;
Щучинск – Петропавл;
Шымкент – Қызылорда;
Шымкент – Тараз;
Тараз – Қайнар;
Қапшағай – Талдықорган;
Қарабұтақ – Қызылорда;
Ақтобе – Орал;
Атырау – Бейнеу – Өзбекстан шекарасы;
Ақтау – Бейнеу;
Қостанай – Ресей шекарасы (Троицк);
Нұр-Сұлтан – Қостанай;
Павлодар – Ресей шекарасы (Омбы);
Нұр-Сұлтан – Павлодар;
Павлодар – Семей – Қалбатау.


– Маусымнан бастап енгіземіз. Бірақ бұл 1 маусымнан бастап ақы алынатынын білдірмейді. Бір ай бойы стандарттарға сәйкес келетін, жарамды жолдарда ақы алу енгізіледі. Кей бөліктерде жөндеу жұмыстары жүріп, стандарттарға жеткенде ғана ақы алу енгізіледі. Қазір БҚО-дан шағым түсіп жатыр. Ол жердегі жол бөлігінде шұңқырды жамау жұмыстарын жүргізу керек. Ол жер жол жөнделгеннен кейін ғана ақылы болады, – деді Азаттыққа "Қазавтожол" ҰҚ" АҚ ресми өкілі Диас Ахметшәріп.


30 мамырда наразыларға Нұр-Сұлтан түбіндегі жүргізушілер де қосылды. Олармен кездесуге Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев пен "Қазавтожол" ҰҚ" АҚ басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы, "Атамекен" ҰКП және Kazlogistics транспортшылар одағының өкілдері келді. Олар жүк көлігі жүргізушілеріне "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық даму бағдарламасының жүзеге асуы жөнінде әңгімеледі.


– Алыс сапарға баратын жүргізушілер жолды ақылы ету шешімі жөнінде пікірін айтып, ұсыныстарын берді. Министрлік пен "Қазавтожол" ҰҚ" АҚ түскен өтініштерді қарастыруға дайын. Жеті күн ішінде қоғамдық қауымдастықтар жол қозғалысының барлық мүдделі қатысушыларынан ұсыныс жинайды. Ұсыныс жинау аяқталға соң жолды ақылы ету жөніндегі бұйрықтың жобасы қаралады. Алым мөлшері мен ақылы жүйені енгізу мерзімі анықталады, – "Қазавтожол" таратқан баспасөз мәслихатында.


Ұлттық компания ақылы жолдардың үш санаттан тұратынын, жеңіл көліктер тек бірінші санаттағы жолмен жүрерде ғана ақы төлейтінін айтты. Бірінші санатқа мынадай жолдар жатады:



Шымкент – Өзбекстан шекарасы;
Шымкент – Қызылорда;
Шымкент – Тараз;
Тараз – Қайнар;
Қапшағай – Талдықорған;
Нұр-Сұлтан – Павлодар.


– Тарифтер қазір бекітіліп жатыр, олар негізі келісіліп қойған. Бірінші санаттағы жолдарда – әр жағы үш жолақтан тұратын автобан – бәрі төлейді: жеңіл көлік те, жүк көлік те. Жеңіл көліктер шақырымына 1 теңге, жүк көліктері салмағына қарай ең көп дегенде 25 теңге төлейді. Басқа санаттағы жолдар үшін жеңіл көліктерде ақы алынбайды, ақыны тек жүк көліктері төлейді. Бірақ бағасы төмендей береді – 20, 15, 10..., – сообщил Диас Ахметшріп.


2021 жылы "Қазавтожол" ақылы жүйені республикалық маңызы бар жолдың 5800 шақырымына енгізбек.


– Шучинск және Қапшағай жолдарындағыдай шлагбаум болмайды. Ашық жүйе болады. Аркалар қойылып, оған көліктердің нөмірін анықтап, ақы тағайындайтын камералар орнатылады. Төлеудің жиырмаға жуық жолы бар. Қосымша арқылы, "Каспиголд" арқылы төлеуге болады, – дейді Диас Ахметшәріп.


"Қазавтожол" сайтында жаңа жолдар "жүргізушілер мен жолаушылар үшін жайлылық пен қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, апат деңгейін төмендетеді және жол инфрақұрылымының белсенді түрде дамытуға ықпал етеді" делінген.


Биыл ақылы болатын жолдардың бірі – Ақтөбе-Орал тас жолы. Осы жол арқылы бір күн бұрын өткенін айтқан Эдуар Боранбаев жол сапасына шағымданды.


– Билік халықты мүлдем ойламайды. Кеше Ақтөбеге бардым. Жолда екі доңғалағым тесіліп, 70 мың теңге жұмсадым. Тас жолын ақылы етсе, менің тағы 70 мың теңге төлеуім керек. Онда мен не үшін жұмыс істеймін? Шығынға батамын ғой. Ендеше үкімет маған басқа жұмыс тауып берсін, –дейді ол.




Все города России от А до Я

Загрузка...

Moscow.media

Читайте также

В тренде на этой неделе

Первый поезд "Таврия" отправился из Оренбурга в Севастополь, на нем жители региона смогут добраться до городов Крымского полуострова без пересадок, передает корреспондент ТАСС

Юрий Котенок: Итог ночи — 121 вражеский БПЛА самолетного типа, сбитый дежурными средствами ПВО

Монтажники кондиционеров зарабатывают летом от 150 тыс. в Москве и Петербурге

Лоукостер FlyOne прорекламировал рейс в Казань снимком Казанского собора


Загрузка...
Rss.plus


Новости последнего часа со всей страны в непрерывном режиме 24/7 — здесь и сейчас с возможностью самостоятельной быстрой публикации интересных "живых" материалов из Вашего города и региона. Все новости, как они есть — честно, оперативно, без купюр.




Самара на Russian.city


News-Life — паблик новостей в календарном формате на основе технологичной новостной информационно-поисковой системы с элементами искусственного интеллекта, тематического отбора и возможностью мгновенной публикации авторского контента в режиме Free Public. News-Life — ваши новости сегодня и сейчас. Опубликовать свою новость в любом городе и регионе можно мгновенно — здесь.
© News-Life — оперативные новости с мест событий по всей России (ежеминутное обновление, авторский контент, мгновенная публикация) с архивом и поиском по городам и регионам при помощи современных инженерных решений и алгоритмов от NL, с использованием технологических элементов самообучающегося "искусственного интеллекта" при информационной ресурсной поддержке международной веб-группы 103news.com в партнёрстве с сайтом SportsWeek.org и проектами: "Love", News24, Ru24.pro, Russia24.pro и др.