Еліміздің үш облысында тасжолдар жабылды
Қазақстанның үш облысында жолдар жабылды. Ауа райының нашарлауына байланысты автожолдардағы қозғалысқа шектеу қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында - барлық бағыт бойынша.Қостанай облысында тасжолдарда:
Екатеринбург-Алматы (Сарыкөл кентінен Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске);Мамлютка-Қостанай (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасынан Ұзынкөл ауылына дейінгі учаске).
Ақмола облысында тасжолдарда:
Көкшетау-Рузаевка (Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске);Көкшетау-Омбы (Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске);Нұр-Сұлтан-Петропавл (Көкшетаудан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі учаске);Макинск-Ақсу-Торғай (Макинск селосынан Торғай селосына дейінгі учаске).
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!