Добавить новость
Сентябрь 2015 Октябрь 2015 Ноябрь 2015
Декабрь 2015
Январь 2016
Февраль 2016
Март 2016
Апрель 2016
Май 2016
Июнь 2016
Июль 2016
Август 2016
Сентябрь 2016
Октябрь 2016
Ноябрь 2016
Декабрь 2016
Январь 2017
Февраль 2017
Март 2017
Апрель 2017
Май 2017
Июнь 2017
Июль 2017
Август 2017
Сентябрь 2017
Октябрь 2017
Ноябрь 2017
Декабрь 2017
Январь 2018
Февраль 2018
Март 2018
Апрель 2018
Май 2018
Июнь 2018
Июль 2018
Август 2018
Сентябрь 2018
Октябрь 2018
Ноябрь 2018 Декабрь 2018 Январь 2019 Февраль 2019 Март 2019 Апрель 2019 Май 2019 Июнь 2019 Июль 2019 Август 2019 Сентябрь 2019 Октябрь 2019 Ноябрь 2019 Декабрь 2019 Январь 2020 Февраль 2020 Март 2020 Апрель 2020 Май 2020 Июнь 2020 Июль 2020 Август 2020 Сентябрь 2020 Октябрь 2020 Ноябрь 2020 Декабрь 2020 Январь 2021 Февраль 2021 Март 2021 Апрель 2021 Май 2021 Июнь 2021 Июль 2021 Август 2021 Сентябрь 2021 Октябрь 2021 Ноябрь 2021 Декабрь 2021 Январь 2022 Февраль 2022 Март 2022 Апрель 2022 Май 2022 Июнь 2022 Июль 2022 Август 2022 Сентябрь 2022 Октябрь 2022 Ноябрь 2022 Декабрь 2022 Январь 2023 Февраль 2023 Март 2023 Апрель 2023 Май 2023 Июнь 2023 Июль 2023 Август 2023 Сентябрь 2023 Октябрь 2023 Ноябрь 2023 Декабрь 2023 Январь 2024 Февраль 2024 Март 2024 Апрель 2024 Май 2024 Июнь 2024 Июль 2024 Август 2024 Сентябрь 2024 Октябрь 2024 Ноябрь 2024 Декабрь 2024 Январь 2025 Февраль 2025 Март 2025 Апрель 2025 Май 2025 Июнь 2025 Июль 2025 Август 2025 Сентябрь 2025 Октябрь 2025 Ноябрь 2025 Декабрь 2025 Январь 2026 Февраль 2026 Март 2026 Апрель 2026 Май 2026
1
2 3 4
5
6 7 8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Поиск города

Ничего не найдено

"Жеңімпаздар. Батырларға тағзым" - Ұлы Отан соғысы батырларын еске алуға, құрметтеуге арналған жоба

0 681

9 мамырда Tengrinews.kz жаңалықтар порталында Ұлы Отан соғысының қазақстандық ардагерлерін еске алуға арналған "Жеңімпаздар. Батырларға тағзым" атты онлайн-акция өтеді. Онлайн-акция "Жеңімпаздар" жобасы аясында оқырмандарымыз анкетасын жіберген батырлармен таныстырады. Жоба мен акция биыл Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өтеді.
"Жеңімпаздар" - 2014 жылғы 9 мамырдан бастап Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері туралы 3,5 мыңнан аса оқиға жарияланған жоба. Қазақстан мен өзге елдердің оқырмандары жарты ғасырдан аса уақыт бұрын майданға аттанған аталары, әжелері, достары туралы ақпарат жібереді.
Қазақстандық ҰОС ардагерлер қоры Tengrinews.kz негізін қалаушы және Alash Media Group холдингінің басшысы Батыр Қазыбаевтың бастамасымен жүзеге асты.

"Жоба қазақстандық ардагерлер туралы тағы бір қорды қалыптастыру және оны аталарын еске алатын, құрметтейтін адамдардың көмегімен жүзеге асыру үшін дүниеге келді. Бұл жоба мұрағат болады деп үміттенбейміз. Бұл - Tengrinews және Tengrinews оқырмандарының күшімен жиналатын қарапайым картотека. Кез келген адам ата-бабалары, отбасындағы батырлар туралы ақпарат жариялай алады. Соғыспен байланысты әр отбасы ұмытылмауы керек. Ұлы Отан соғыспен байланысты естеліктерді сақтамасақ, қалпына келтірмесек, болашағымыздың бір бөлігін жоғалтамыз. Бұл - жобаның басты мақсаты", - деп атап өткен еді Батыр Қазыбаев.

Жоба оқырмандарды Қазақстанның белгісіз әрі танымал емес батырларымен таныстырады, ардагерлердің туыстарына соғыстан кейін байланысы жоғалған жақындарын табуға көмектеседі.
Оқиғалардың бірі аға лейтенант Ахметқазы Болатов туралы. Ол 1941 жылы Алматы қаласынан майданға аттанған атақты 100-ші арнайы атқыштар бригадасында болған. Оның құрамында Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметова да болған. Ахметқазы Болатов 1943 жылы 15 қазанда Невель түбіндегі сұрапыл шайқасқа қатысқан.

"Мәншүктің атыс позициясын жақсы білдік және оның оқ-дәрілері таусылғаннан кейін, басқа пулеметте тұрғанын есте сақтадық. Ол позициясы жау оғымен жабылғанша, неміс жаяу әскеріне пулеметтен оқ жаудырды", - деп еске алды ардагер.

Кейін оған салтанатты жерлеу үшін Мәншүк Мәметованың денесін табу тапсырылған.

"Бірнеше рет жараланғандардың өлімі мен азаптанғанын көрдім. Өзім 3 рет жараландым. Бірақ биіктіктің басында батыр пулеметшінің атыс позициясын іздеп, Тұраш екеуміздің Мәншүктен қалғанын жинап, онымен бірге Невельге барғанымызға ештеңе жетпейді... Бізді сонда күтті. Салтанатты жерлеу рәсімі өтті. Салют тоқтатылды, Қазақстанның батыр қызымен мәңгіге қоштастық. Бұл 1944 жылғы тамызда болды", - деп естелігін бөлісті ол.

Ардагер Василий Гладышевтың қызы туралы оқиғаға да тоқталсақ, "Жеңімпаздар" жобасының арқасында ол өзіне қымбат адамның өмірі туралы біліп, Павлодардан жаңа туыстар тапты.
2018 жылы жоба аясында әйел адам Tengrinews.kz сайтына ардагер әкесі туралы ақпарат жариялайды. Бұл анкетаны көрген Василий Гладышевтың немересі жауап берген.

"Бір жыл бұрын үндеуім жарияланғанын көрдім, бірақ менің арманым - әкемнің тағдыры туралы білуіме септігін тигізеді деп ойламадым. Міне, менің 70 жылдық мерейтойым күні жауап келді. Мені әкемнің немересі тапты. Сіздерге өзімнің, ағамның, балаларымның және немерелерімнің, барлық туысымның атынан бей-жай қарамағандарыңыз, игі істеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді.  Үлкен жұмыс істедіңіздер. Бұл біздің ұрпақтарымыз үшін маңызды", - деп Ұлы Отан соғысы ардагерінің қызы "Жеңімпаздар" жобасына алғысын білдірді.

Тағы бір оқиға Ұлы Отан соғысына қатысқан, белгілі қазақстандық жазушы және журналист Валентин Михайлович Филатов туралы. 2022 жылғы қаңтарда оның туысы Елена Жукова интернеттен ол туралы ақпарат іздеп, "Жеңімпаздар" жобасынан ағасының анкетасын тапқан.

"Осылайша, Валентин Филатов туралы бетке кірдім. Ол туралы ақпаратты сайтқа оның шөбере қыздары жібергенін білдім. Сондағы есімдерді тағы да іздеп, Павлодар гимназияларының бірінде өткен балалар конкурсы туралы басқа сайтты таптым. Олар онда аталарының өмірін сипаттаған. Сіздердің мақалаларыңыз болмаса, оларды табу мүмкіндігі өте аз еді. Осындай «көпір» болғандарыңыз үшін көп рақмет", - деп бөлісті Елена Жукова редакциясымен.

Жоба аясында қазақстандық ҰОС ардагерлерінің ұрпақтарына видеоүндеулер түсірілді. Жоба кейіпкерлері соғысқа қатысқандар өте жас болса да, барлық қасіретті көргенін еске алады. Ардагерлер жастардың кішіпейіл және адал болуын тіледі. Қазір олардың кейбірі арамызда жоқ. Олар өскелең ұрпақтың спортпен айналысқанын, рухани жағынан күшті болып тәрбиелеуін қалайды. Ал ардагерлердің ең басты тілегі - елімізде ешқашан соғыс болмауы.

"Жеңімпаздарды" Қазақстан Қорғаныс министрлігі "Интернет-басылымдағы үздік жарияланым" номинациясы бойынша марапаттады. Байқау Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай өткізілді. "Бұл жұмыстар ерекше болған соң таңдалды әрі қазіргі заманға сай болды. Себебі әскери тақырыптағы материалдармен ешкімді таңғалдыра алмайсың, бірақ бұл жарияланымдар мен сюжеттер шынында да қызық болды", - деп атап өтті сол кезде ҚР ҚМ-де.

"Жеңімпаздар" жобасына арналған ардагерлердің ерліктері туралы оқиғаларды + 7-70-09-05-1945 WhatsApp арнайы нөміріне жіберуге болады. Сюжетті жіберген кезде ардагердің аты-жөні, туған күні, туған жылы және туған жері, атағы, әскердегі тегі сияқты толық мәліметтерін көрсету керек, сонымен қатар, бірнеше сурет тіркеу қажет. Батырлардың жақындары сайтта анкета толтыра алады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!





Все города России от А до Я

Загрузка...

Moscow.media

Читайте также


Загрузка...
Rss.plus


Новости последнего часа со всей страны в непрерывном режиме 24/7 — здесь и сейчас с возможностью самостоятельной быстрой публикации интересных "живых" материалов из Вашего города и региона. Все новости, как они есть — честно, оперативно, без купюр.




Невель на Russian.city


News-Life — паблик новостей в календарном формате на основе технологичной новостной информационно-поисковой системы с элементами искусственного интеллекта, тематического отбора и возможностью мгновенной публикации авторского контента в режиме Free Public. News-Life — ваши новости сегодня и сейчас. Опубликовать свою новость в любом городе и регионе можно мгновенно — здесь.
© News-Life — оперативные новости с мест событий по всей России (ежеминутное обновление, авторский контент, мгновенная публикация) с архивом и поиском по городам и регионам при помощи современных инженерных решений и алгоритмов от NL, с использованием технологических элементов самообучающегося "искусственного интеллекта" при информационной ресурсной поддержке международной веб-группы 103news.com в партнёрстве с сайтом SportsWeek.org и проектами: "Love", News24, Ru24.pro, Russia24.pro и др.