Добавить новость
Август 2017
Сентябрь 2017
Октябрь 2017
Ноябрь 2017
Декабрь 2017
Январь 2018
Февраль 2018
Март 2018
Апрель 2018
Май 2018
Июнь 2018
Июль 2018
Август 2018
Сентябрь 2018
Октябрь 2018
Ноябрь 2018
Декабрь 2018 Январь 2019 Февраль 2019 Март 2019 Апрель 2019 Май 2019 Июнь 2019 Июль 2019 Август 2019 Сентябрь 2019 Октябрь 2019 Ноябрь 2019 Декабрь 2019 Январь 2020 Февраль 2020 Март 2020 Апрель 2020 Май 2020 Июнь 2020 Июль 2020 Август 2020 Сентябрь 2020 Октябрь 2020 Ноябрь 2020 Декабрь 2020 Январь 2021 Февраль 2021 Март 2021 Апрель 2021 Май 2021 Июнь 2021 Июль 2021 Август 2021 Сентябрь 2021 Октябрь 2021 Ноябрь 2021 Декабрь 2021 Январь 2022 Февраль 2022 Март 2022 Апрель 2022 Май 2022 Июнь 2022 Июль 2022 Август 2022 Сентябрь 2022 Октябрь 2022 Ноябрь 2022 Декабрь 2022 Январь 2023 Февраль 2023 Март 2023 Апрель 2023 Май 2023 Июнь 2023 Июль 2023 Август 2023 Сентябрь 2023 Октябрь 2023 Ноябрь 2023 Декабрь 2023 Январь 2024 Февраль 2024 Март 2024 Апрель 2024 Май 2024 Июнь 2024 Июль 2024 Август 2024 Сентябрь 2024 Октябрь 2024 Ноябрь 2024 Декабрь 2024 Январь 2025 Февраль 2025 Март 2025 Апрель 2025 Май 2025 Июнь 2025 Июль 2025 Август 2025 Сентябрь 2025 Октябрь 2025 Ноябрь 2025 Декабрь 2025 Январь 2026 Февраль 2026 Март 2026 Апрель 2026 Май 2026 Июнь 2026
Июль 2026
Август 2026
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Поиск города

Ничего не найдено

ФТҚ нацистердің Брянскідегі жаншошырлық қылмысын әшкерелейтін құжатты жариялады

0 187

Ресейдің Брянск облысы бойынша ФСБ басқармасы Ұлы Отан соғысы кезінде КСРО аумағындағы ең ірі нацистік лагерьлердің бірі Брянск "Дулаг-142 тұтқындарына қатысты қандай қатыгездіктер жасалғаны туралы мұрағат құжаттарын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
1937 жылдан 1945 жылға дейін тоғыз жыл жұмыс істеген Бухенвальдтағы ең үлкен нацистер лагерлерінің бірінде 56 мың адам өлген. Фашистер "Дулаг-142"-де үлкен қылмыс жасаған: олар Брянскіде болған екі жыл ішінде 40 мыңнан аса адам өлтірілді. Олардың көпшілігі адам төзгісіз жағдайдан қайтыс болған.
Ұлы Отан соғысы басында 1924 жылы Брянск ауданында орналасқан броньды техниканың стационарлық авто жөндеу шеберханасы ретінде құрылған №6 жөндеу базасы ішкі жағына көшірілді. Оның аумағында 1941 жылдың күзінде концлагерь ұйымдастырылды. Ол ресми түрде "Дулаг-142" деп аталды және бастапқыда қызыл әскердің тұтқындарына арналған.
1942 жылғы наурыздан бастап Брянскке іргелес ауылдардың бейбіт тұрғындарын да осы жерге жинай бастады. Сонымен қатар, лагерьде 80 мыңға жуық адам болды. Бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлер бөлінбеді. "Дулаг-142" құрама-жіберу пункті ретінде де қызмет етті, сол жерден еңбекке қабілетті халықты мәжбүрлі түрде жұмысқа Германияға айдап әкетті.
Қазір жарияланған құжаттардың ішінде 1945 жылғы 28 қыркүйектегі Брянскідегі неміс басқыншыларының залалын анықтау жөніндегі комиссия актісі бар.

"Лагерьде оннан аса казарма болды (бейбіт жағдайда). Әрбір осындай казармада 1200-1500 адам төрт қабатты ағаш тақтайшаларға орналастырлаған", - делінген актіде.

Хабарламадағы мәлімет бойынша, нацистер адамдарды жасы мен жынысына қарамастан ұрып-соғып, азаптаған.

"Немістер осы лагерьге түскендердің бәрін бірдей қорлап, мазақ еткен. Барлық "қателіктер" үшін оларды резеңке қамшымен сабаған. Мысалы, егер әскери тұтқын қатадан қалса, оны ұрып-соғудан басқа тамақтан да айырған", - делінген құжатта.

Лагерьде газ камераларының орнына адам төзгісіз жағдай орнатқан, бұл адамдарды азапта өлімге әкелді. Ашылған құжаттарға сәйкес, тұтқындардың 80 пайызға дейінгі бөлігі аштықтан, ұрып-соғу және жұқпалы аурулардан қайтыс болған.

"Лагерьде тамақ ретінде: таңертең қайнаған су (шай) және нан, ересектерге 200 грамм, балаға 100 грамм, кешкі сағат бес-те, қарақұмық ұнынан дайындалған "баланда" ересек адамға - 1 литр, балаға - жарты литр. Бұлай тамақтану ауруға, кейін өлімге әкелді", - мұндай айғақтарды куәгерлер келтірген.

Осы уақытқа дейін лагерьде тек әскери тұтқындар болған кезде, тамақтану одан да жаман болған.

"Оларға дұрыс піспеген қарақұмық немесе шикі көкөніс қалдықтары берілген. Одан асқазан аурулары пайда болды, кейде тіпті ештеңе бермеген", - дейді куәгерлер.

Казармаларда лас, ылғал, суық болған. Сонымен қатар, тірі адамдармен бірге мәйіттер бірнеше күн бойы жатқан. Оларды шығарып үлгермеген. Жұқпалы аурулар, соның ішінде іш сүзегі мен дизентерия эпидемиясы аштықтан, суықтан басталған. Нацистер науқастарға дәрі-дәрмек те, тамақ та бөлген жоқ.
Мұндай режимнен бірінші болып мектеп жасына дейінгі балалар, кейін ересектер, әсіресе қарттар қайтыс болған. Күн сайын кем дегенде 100-150 мәйіт арбаларға салынып, полигонға шығарылды, бұл құжаттарда көрсетілген.
Брянск процесінің құпия материалдарынан 1942 жылдың наурызынан бастап бейбіт тұрғындар лагерьге көп әкелінгені көрінеді. Осылайша нацистер аумақты тазартқан.
"Дулаг-142"-де нацистердің бейбіт тұрғындарға және әскери қызметшілерге қарсы қылмыстары 1945 жылы болған және сонымен бірге құпиясыздандырылған Брянск процесінде айыптау қорытындысында бүкіл бөлімге арналған.
Құжаттарды бірінші болып бүкілресейлік мектеп шығармалары байқауының финалистері, Брянск энергетикалық машина жасау және радиоэлектроника техникумындағы "Дулаг-142" туралы тақырыптық мұражайдың бастамашылары мен жасаушылары, құжаттарды іздеуге қатысқан жас мұрағатшылар, жаппай жерлеу орнын тапқан іздеушілер, жас мұғалімдер, Брянск университеттерінің студенттері көрген.
РИА Новости таныстырған материалдардың ішінде 1945 жылы 22 қазанда Брянск облыстық комиссиясының мүшелері қол қойған неміс басқыншыларының қатыгездігі туралы деректер жазылған акт бар.
Комиссия қорытындысына сәйкес, сол кезде Брянск және Брянск ауданы бойынша 18 мың бейбіт тұрғын ажал құшқаны белгілі болды.

"Неміс әскери билігі Брянск қаласы мен Брянск ауданына кіргенде бейбіт тұрғындарды - қарттарды, әйелдер мен балаларды жаппай тұтқындап, көзін жоюға кірісті", - делінген құжатта.

Қатыгез адам өлтіру деректері бөлек келтірілген. Мысалы, Верхний Судок шатқалының баурайында атылған бейбіт тұрғындардың мәйіті көмілген шұңқырлар табылды (бір шұңқырдың өзінен 3,5 мың мәйіт табылды).

"Орман сарайлары деп аталатын аумақта Рoща шатқалында (Брянск қаласының шығыс бөлігі) шұңқырлардан 1215 мәйіт табылды. Брянск II ауылының маңында Брянскіден Карачевке апаратын жолдың оң жағында қарттардың, әйелдер мен балалардың, негізінен еврей халқы мен сығандардың 7500 мәйіті табылды", - делінген актіде.

Комиссия мүшелері "Мәйіттерді тексеру кезінде "бейбіт тұрғындарды жабайы қудалау" деректері анықталды" деп жазды.

"Мәйіттердің көбінің жағы сынған, кейбіреуінде ауыз қуысы бетіне дейін жыртылып, көз алмасы алынған, сонымен қатар тұншықтыру іздері бар мәйіттер де болды", - делінген құжатта.

Делелдердің көбі немістердің еврейлерді, сығандар мен коммунистерді ұстап, оларды бір-бірінен жарты метрден екі метрге дейін байлап, мина алаңына жарылу үшін апарғанын көрсетті.
Нацистер қолданған қатыгез жазалау әдістерінің бірі - иттерге талату. Актіде Брянск қаласының тұрғыны Зимакова келтірілген. Ол 1942 жылы тамызда көшеден фашистер жүк көлігінен ер адамның жан дауысы шықанын естіген.

"Біраз уақыттан кейін немістер көліктен үлкен ит шығарды, үсті-басы қан. Бұл ит көліктегі адамдардың бір талап, жарып тастады", - деп еске алған Зимакова.

Клинцы қаласының маңында 10 мың бейбіт тұрғын қаза тауып, азапталды. Фашистер сәбиллерді басымен ағашқа ұрып өлтірді немесе бірін екіншісіне ұрып, шұңқырға лақтырған.
Сонымен қатар, Ресейдің тергеу комитеті Брянскідегі нацистік "Дулаг-142" концлагерінде қайтыс болған адамдардың мәйітін анықтаумен айналысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!





Все города России от А до Я

Загрузка...

Moscow.media

Читайте также


Загрузка...
Rss.plus
Rss.plus


Новости последнего часа со всей страны в непрерывном режиме 24/7 — здесь и сейчас с возможностью самостоятельной быстрой публикации интересных "живых" материалов из Вашего города и региона. Все новости, как они есть — честно, оперативно, без купюр.




Клинцы на Russian.city


News-Life — паблик новостей в календарном формате на основе технологичной новостной информационно-поисковой системы с элементами искусственного интеллекта, тематического отбора и возможностью мгновенной публикации авторского контента в режиме Free Public. News-Life — ваши новости сегодня и сейчас. Опубликовать свою новость в любом городе и регионе можно мгновенно — здесь.
© News-Life — оперативные новости с мест событий по всей России (ежеминутное обновление, авторский контент, мгновенная публикация) с архивом и поиском по городам и регионам при помощи современных инженерных решений и алгоритмов от NL, с использованием технологических элементов самообучающегося "искусственного интеллекта" при информационной ресурсной поддержке международной веб-группы 103news.com в партнёрстве с сайтом SportsWeek.org и проектами: "Love", News24, Ru24.pro, Russia24.pro и др.