Добавить новость
Октябрь 2016
Ноябрь 2016
Декабрь 2016
Январь 2017
Февраль 2017
Март 2017
Апрель 2017
Май 2017
Июнь 2017
Июль 2017
Август 2017
Сентябрь 2017
Октябрь 2017
Ноябрь 2017
Декабрь 2017
Январь 2018
Февраль 2018
Март 2018
Апрель 2018
Май 2018
Июнь 2018
Июль 2018
Август 2018
Сентябрь 2018
Октябрь 2018
Ноябрь 2018
Декабрь 2018 Январь 2019 Февраль 2019 Март 2019 Апрель 2019 Май 2019 Июнь 2019 Июль 2019 Август 2019 Сентябрь 2019 Октябрь 2019 Ноябрь 2019 Декабрь 2019 Январь 2020 Февраль 2020 Март 2020 Апрель 2020 Май 2020 Июнь 2020 Июль 2020 Август 2020 Сентябрь 2020 Октябрь 2020 Ноябрь 2020 Декабрь 2020 Январь 2021 Февраль 2021 Март 2021 Апрель 2021 Май 2021 Июнь 2021 Июль 2021 Август 2021 Сентябрь 2021 Октябрь 2021 Ноябрь 2021 Декабрь 2021 Январь 2022 Февраль 2022 Март 2022 Апрель 2022 Май 2022 Июнь 2022 Июль 2022 Август 2022 Сентябрь 2022 Октябрь 2022 Ноябрь 2022 Декабрь 2022 Январь 2023 Февраль 2023 Март 2023 Апрель 2023 Май 2023 Июнь 2023 Июль 2023 Август 2023 Сентябрь 2023 Октябрь 2023 Ноябрь 2023 Декабрь 2023 Январь 2024 Февраль 2024 Март 2024 Апрель 2024 Май 2024 Июнь 2024 Июль 2024 Август 2024 Сентябрь 2024 Октябрь 2024 Ноябрь 2024 Декабрь 2024 Январь 2025 Февраль 2025 Март 2025 Апрель 2025 Май 2025 Июнь 2025 Июль 2025 Август 2025 Сентябрь 2025 Октябрь 2025 Ноябрь 2025 Декабрь 2025 Январь 2026 Февраль 2026 Март 2026 Апрель 2026
1
2 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Поиск города

Ничего не найдено

Халықаралық ұйымдар Толымбеков қауіпсіздігіне алаңдайды, қорғаныс департаменті "қысымды" жоққа шығарады

0 81
Алматы қалалық қорғаныс істері бойынша департаменттің бастығы Амантай Өстеміров Азаттық тілшісіне 17 мамырда әскерге аттанған белсенді Бейбарыс Толымбековтің жағдайына байланысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, Толымбеков Жамбыл облысы Гвардейск қала үлгісіндегі елді мекенде орналасқан әскери бөлімшеде әскери борышын өтейді.


Ол бұған дейін Толымбековтен әскери борышын өтеуді кейінге қалдыру туралы өтініш түскенін растап, 16 мамырда Наурызбай аудандық әскерге шақыру комиссиясының оны “әскерге жарамды” деп тану туралы шешім шығарғанын айтты.


- Әскери қызмет және әскери қызметшілердің статусы туралы заңның 35-тармағында қай жағдайға байланысты әскерге шақыруды кейінге қалдыруға болатыны жайлы жазылған. Толымбековтің шағымында “мен кассация беруім керек” (21.04 күні шыққан сот шешімін - ред.) деп жазған. Бірақ заңда ондай негіз бойынша әскерді кейінге қалдыру туралы норма жоқ. Денсаулығы жағы айтылды. Оны шақыру алдында дәрігер мамандар, психологтар қайта тексеріп, денсаулығында ақау жоқ екенін анықтады, - деді Өстеміров 17 мамырда Азаттық тілшісіне.


Бұған дейін құқық қорғау ұйымдары және белсендінің достары мен жақтастары "қамау кезінде қысымға ұшыраған" Толымбековке әскери қызметін өтеу кезінде де қысым жалғасуы мүмкін екенін айтып, алаңдаған еді. Ал Өстеміров Толымбековке қысым көрсетілуі мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарады. 


- Әскерге бүгін 40 азамат кетті. Барлығының жағдайы біркелкі. Олардың арасында әртүрлі ұлт өкілдері бар. Көзқарас ерекшеліктеріне қарамай барлығы ҚР президенті жарлығымен бекіткен жарғы бойынша әскери борыштарын өтейді. Ешқандай қысым көрсетілмейді. Әскери тәртіппен күнделікті күн тәртібіне сәйкес жұмыс істеп, отан алдындағы борышын өтейді деп ойлаймын. Жеке пікірім, ол (Толымбеков - ред.) өзі отанын сүйетін, отаны үшін жан беретін адам екен. Отан алдында борышын өтеу Ата заңда жазылғаннан кейін бәрін түсініп, бүгін өз еркімен әскерге кетті, - деді ол.  


"Шындықтан қашып құтылмайсың" жазуы бар баннерді жол бойына ілгені үшін қамалған екі белсендінің бірі Бейбарыс Толымбековтің әскер қатарына алынғаны туралы ақпарат 17 мамырда түс кезінде шықты. Әлеуметтік желіде тараған видеода Толымбеков "өзінің әскери борышты өтеуді кейінге қалдыру туралы" өтінішіне комиссияның құлақ аспағанын айтады. Оны сөзін аяқтатпастан әскери форма киген адам алып кетеді.  


Адам құқығы және заңдылықты сақтау бойынша қазақстандық халықаралық бюро және штаб-пәтері Брюссельде шоғырланған Адам құқығы бойынша халықаралық әріптестік ұйымы 16 мамырда ортақ мәлімдеме таратып, Толымбековтің "азаматтық белсенділігі үшін қысымға ұшырауына" қатты алаңдап отырғанын жазған. 


Ұйым өкілдері Толымбековтің әскерге шақыруды кейінге қалдыру туралы өтінішіне қарамастан оны әскерге жарамды деп танып, әскерге аттандырайын деп отырғанын сынаған.


Құқық қорғау өкілдері осыған орай белсендінің туыстарына да қысым көрсетілгенін, әке-шешесінің үйін белгісіз біреулер торуылдап, анасын тергегені туралы жазған.


"13 мамырда Бейбарыстың анасы және тағы да үш туысы жұмыстарынан кетуге мәжбүр болды, себебі оның алдында Ләззатқа (Бейбарыстың анасы - ред.) ер адам хабарласып, Бейбарыстың әскерге шұғыл кетуі керектігін, әйтпесе жұмысынан айрылатынын айтып, қоқан-лоқы жасаған" делінген мәлімдемеде. 


Құқық қорғау ұйым өкілдері белсендінің әскери борышын өтеу кезінде де оның өміріне қауіп барын айтып, алаңдаған. Қазақстан билігін белсендіні қудалауды тоқтатып, оның қауіпсіздігін қаматамасыз етуге шақырған. 


21 сәуірде Алматыда марафон кезінде "Шындықтан қашып құтылмайсың" деген жазуы бар баннер ілгені үшін белсенді Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековті сот 15 тәулікке қамады. Әділ сайлау өткізу мәселесін қозғаған белсенділерді елдегі азаматтар, Қазақстаннан тыс жерде оқып жүрген студенттер қолдап, акция өткізді. Халықаралық ұйымдар оқиғаға реакция білдірді. Төлесова мен Толымбеков 5 мамырда абақтыдан мерзімінен бір тәулік бұрын босап шыққан. ​




Все города России от А до Я

Загрузка...

Moscow.media

Читайте также


Загрузка...
Rss.plus
Rss.plus


Новости последнего часа со всей страны в непрерывном режиме 24/7 — здесь и сейчас с возможностью самостоятельной быстрой публикации интересных "живых" материалов из Вашего города и региона. Все новости, как они есть — честно, оперативно, без купюр.




Гвардейск на Russian.city


News-Life — паблик новостей в календарном формате на основе технологичной новостной информационно-поисковой системы с элементами искусственного интеллекта, тематического отбора и возможностью мгновенной публикации авторского контента в режиме Free Public. News-Life — ваши новости сегодня и сейчас. Опубликовать свою новость в любом городе и регионе можно мгновенно — здесь.
© News-Life — оперативные новости с мест событий по всей России (ежеминутное обновление, авторский контент, мгновенная публикация) с архивом и поиском по городам и регионам при помощи современных инженерных решений и алгоритмов от NL, с использованием технологических элементов самообучающегося "искусственного интеллекта" при информационной ресурсной поддержке международной веб-группы 103news.com в партнёрстве с сайтом SportsWeek.org и проектами: "Love", News24, Ru24.pro, Russia24.pro и др.