Добавить новость
Июнь 2015 Июль 2015 Август 2015
Сентябрь 2015
Октябрь 2015
Ноябрь 2015
Декабрь 2015
Январь 2016
Февраль 2016
Март 2016
Апрель 2016
Май 2016
Июнь 2016
Июль 2016
Август 2016
Сентябрь 2016 Октябрь 2016
Ноябрь 2016
Декабрь 2016
Январь 2017
Февраль 2017
Март 2017
Апрель 2017
Май 2017
Июнь 2017
Июль 2017
Август 2017
Сентябрь 2017
Октябрь 2017
Ноябрь 2017
Декабрь 2017
Январь 2018
Февраль 2018
Март 2018
Апрель 2018
Май 2018
Июнь 2018
Июль 2018
Август 2018 Сентябрь 2018 Октябрь 2018 Ноябрь 2018 Декабрь 2018 Январь 2019 Февраль 2019 Март 2019 Апрель 2019 Май 2019 Июнь 2019 Июль 2019 Август 2019 Сентябрь 2019 Октябрь 2019 Ноябрь 2019 Декабрь 2019 Январь 2020 Февраль 2020 Март 2020 Апрель 2020 Май 2020 Июнь 2020 Июль 2020 Август 2020 Сентябрь 2020 Октябрь 2020 Ноябрь 2020 Декабрь 2020 Январь 2021 Февраль 2021 Март 2021 Апрель 2021 Май 2021 Июнь 2021 Июль 2021 Август 2021 Сентябрь 2021 Октябрь 2021 Ноябрь 2021 Декабрь 2021 Январь 2022 Февраль 2022 Март 2022 Апрель 2022 Май 2022 Июнь 2022 Июль 2022 Август 2022 Сентябрь 2022 Октябрь 2022 Ноябрь 2022 Декабрь 2022 Январь 2023 Февраль 2023 Март 2023 Апрель 2023 Май 2023 Июнь 2023 Июль 2023 Август 2023 Сентябрь 2023 Октябрь 2023 Ноябрь 2023 Декабрь 2023 Январь 2024 Февраль 2024 Март 2024 Апрель 2024 Май 2024 Июнь 2024 Июль 2024 Август 2024 Сентябрь 2024 Октябрь 2024 Ноябрь 2024 Декабрь 2024 Январь 2025 Февраль 2025 Март 2025 Апрель 2025 Май 2025 Июнь 2025 Июль 2025 Август 2025 Сентябрь 2025 Октябрь 2025 Ноябрь 2025 Декабрь 2025 Январь 2026 Февраль 2026 Март 2026 Апрель 2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Поиск города

Ничего не найдено

Әскербектің әсем әлемі

0 30
Қашан көрсең де жымиып жүретін елгезек Әскербектің "жә!" деген суретші, мүсінші болғандығынан бейхабар болғандығымнан ұялып қалдым. "Мен осындай үлкен іс жасадым, тындырдым!" деп өзі де айта қоймайтын талантты жігіттің бүгінгі күні оң жамбасқа келген шаруасына қарасаң көз тояды. Әсілі, қазақтың "Бәсең болсаң, бәйгеге қосыларсың" деген сөзінде жан бар...

 Сүйіп таңдаған мамандығына адал



Сексенінші жылдары Алматыдағы Гоголь атындағы көркемсурет училищесін бітірген оның бүгінгі күнге дейін өзі сүйіп таңдаған мамандығына адал екенін байқауға болады. 
- Тоқсаныншы жылдардың топалаңы кезінде әсіресе, біздің өнер адамдары көп запы шекті ғой, - дейді мүсінші, суретші Әскербек Қашабаев. - "Байтал түгіл бас қайғы" болған кер заманда нан тауып жеудің өзі қиямет болды. Суретші, скульпторлар тұрмақ басқа да мамандықтарға атқарар қызмет табу бір машақат болды емес пе. Нан тауып жеудің өзі қиын болғаны шындық. "Өткен күнде белгі жоқ" деген... әзір ұмыт бола бастады ғой. Сондықтан қазір есеміз кеткен есіл уақыттың өнерге берер еншісін толтыруға барынша тырысып жатырмыз.
Үржар ауданына қарасты Қарақол ауылының түлегі Әскербек шынында да осы жылдар ішінде ауыз толтырып айтарлықтай істер жасаған. Әскербек Қашабаев 2006 жылы Түркияның Стамбул қаласында өткен суретші-декораторлар сайысында 21 мемлекеттен келген өнер тарландарының арасында жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Бес жұлдызды мейманханалардың ішкі интерьерін безендіру сайысы бұл үшін үлкен мектеп болғаны анық. Жарты сағаттың қорытындысы бойынша туындының композициясы мен суретші-декоратордың шеберлігі сыналған сайыста мұның да шығармашылығы жоғары бағаланды. Бұдан кейін де Ресей, Түркия, Молдова елдерінде өз өнерін паш еткен жерлесіміз 2012 жылы Ресейдің Чебоксары қаласында ағаштан түйін түйген шеберлер мен мұздан мүсін жасаушылар байқауына қатысты. Әлем экологиясы тақырыбын қамтыған өнер сайысында қатысушылар "Қызыл кітапқа" енген аң мен құстардың бейнесін ойып шығаруы тиіс. Қуатын бензиннен алатын арамен (бензопила) уақытқа жұмыс жасаған мүсіншілердің жұмыстарын белді-белді қазылар алқасы бағалады. Олардың құрамында қазақстандық мүсіншілер Вагиф Рахманов, Шоқан Төлеш және Эдуард Казарян, сонымен қатар "Сегіз көлдің" генерал директоры мен дизайнері Юлия Болатова болғанын айта кеткен ләзім. Мұнда да Әскербек Қашабаевтың мұздан, терек ағашынан ойып шығарған туындылары жоғары баға-ланды. "Қанатты барыстың" авторлары Алматыдан келген Әскербек Қашабаев, Равиль Мажитов және Даир Сахытов болды.



 "Көшпенділердің" декорациясын жасаған


Өнерлі жан жерде қалмайтыны рас екен. Бұдан кейін ол әйгілі "Көшпенділер" көркем фильмі мен "Композитор" атты фильмге шақыртылып, олардың декорацияларын жасап, мүсіндер сомдады. 
- Рас, мұның бәрі алдын ала фильм түсірер алдында болды. Бізді тек келісімшарт арқылы шақыртқандықтан еңбегімізді аса бұлдамадық. Алайда мен содан өзіме көп сабақ ала алдым. Мәселен, Қазақ хандығына 550 жыл толуы қарсаңында даңқты Қабанбай, Бөгенбай т.б. батыр бабаларымыздың мүсіндерін балауыздан, пенопластан жасап шықтық, - дейді ол.


Әскербек бауырымыздан өзінің жасап жүрген ісі жөнінде әңгімелеп беруін өтінген едік.

- Мүсіндеме дегеніміздің өзі бейнелеу өнерінің бір түрі ғой. Оның ерекшелігі көп жағдайда жасау техникасы мен пайдаланылатын материалдарына байланысты болып келеді, - дейді мүсінші. - Бүгінгі күні біздің елде өнердің осы түрі кең қанат жайып келе жатқаны рас. Жалпы, мүсінші мамандығы өнер саласындағы ең күрделі мамандықтардың бірі болғандықтан, екінің бірі бұған бел шешіп кірісіп, бастап кете алмайды. Бұл өзі тастан, ағаштан, саз балшықтан жасала беретіндіктен, онымен көп адам айналысып кете алады. Тек оның әсемдігі қай деңгейде болатындығы бөлек әңгіме. Мәселен, ағаштан мүсін жасап шығару үшін оны алдымен қараңғы жерге қойып кептіріп аламыз. Сосын мүсін жасауға дайын болғаннан кейін ғана жұмысты жалғастыра аламыз.
Өнер туындысын сомдап шығару оңай шаруа емес. Алдымен, жасалатын мүсіннің өлшемі мен қаңқасы күні бұрын дайындалады. Жалпы, көптеген мамандар жұмысының басым бөлігіне саз балшық, гипс және ағашты қолданады. Әлбетте, кейін оны қоладан, тағы басқа материалдан жасатуға болады. Әдемі жасалған мүсіндер мүсіншінің дара қолтаңбасын көрсетеді. Ал оны жасап шығару үлкен еңбек пен дарынды қажет ететіндігі бесенеден белгілі. 



Әскербек Қашабаевтың майлы бояумен, акварельмен салған этюдтері бір төбе. Онда туған жерінің табиғатын бейнелеген суретші жігіт оның барлық әсемдігі мен колоритін анық көрсете білген. 
- Park Resort қар мен мұз мүсіндердің халықаралық байқау фестивалінде әлемнің әр түкпірінен келген мүсіншілер бес күн бойы мультфильмдердің ғажайып фигура-кейіпкерлерін жасаған болатын. Біз отбасымызбен сол фестивальді тамашалау бақытына ие болдық, - дейді суретші Арсен Аманов. - Мұндай өнер туындылары біздер үшін өте құнды. Жерлесіміз Әскербек Қашабаевтың сомдаған мүсіндері біздің көңілімізден шықты.




Все города России от А до Я

Загрузка...

Moscow.media

Читайте также

В тренде на этой неделе

Крупный туроператор анонсировал летние пакетные туры с перелетом по России: от Сочи до Байкала

Благодатный огонь встретили в Ульяновске

Доставленный из Иерусалима Роскосмосом Благодатный огонь прибудет в Барнаул

Йошкар-Ола заняла 27 место по России по доходности вложений в недвижимость

Новости Чебоксар



Глава Чувашии Олег Николаев

Частные объявления в Чебоксарах



Загрузка...
Rss.plus
Rss.plus


Новости последнего часа со всей страны в непрерывном режиме 24/7 — здесь и сейчас с возможностью самостоятельной быстрой публикации интересных "живых" материалов из Вашего города и региона. Все новости, как они есть — честно, оперативно, без купюр.




Чебоксары на Russian.city


News-Life — паблик новостей в календарном формате на основе технологичной новостной информационно-поисковой системы с элементами искусственного интеллекта, тематического отбора и возможностью мгновенной публикации авторского контента в режиме Free Public. News-Life — ваши новости сегодня и сейчас. Опубликовать свою новость в любом городе и регионе можно мгновенно — здесь.
© News-Life — оперативные новости с мест событий по всей России (ежеминутное обновление, авторский контент, мгновенная публикация) с архивом и поиском по городам и регионам при помощи современных инженерных решений и алгоритмов от NL, с использованием технологических элементов самообучающегося "искусственного интеллекта" при информационной ресурсной поддержке международной веб-группы 103news.com в партнёрстве с сайтом SportsWeek.org и проектами: "Love", News24, Ru24.pro, Russia24.pro и др.