Добавить новость
Май 2014
Июнь 2014
Июль 2014
Август 2014
Сентябрь 2014
Октябрь 2014
Ноябрь 2014
Декабрь 2014
Январь 2015
Февраль 2015
Март 2015
Апрель 2015
Май 2015
Июнь 2015
Июль 2015
Август 2015
Сентябрь 2015
Октябрь 2015
Ноябрь 2015
Декабрь 2015
Январь 2016
Февраль 2016
Март 2016
Апрель 2016
Май 2016
Июнь 2016
Июль 2016
Август 2016
Сентябрь 2016
Октябрь 2016
Ноябрь 2016
Декабрь 2016
Январь 2017
Февраль 2017
Март 2017
Апрель 2017
Май 2017
Июнь 2017
Июль 2017
Август 2017
Сентябрь 2017
Октябрь 2017
Ноябрь 2017
Декабрь 2017
Январь 2018
Февраль 2018
Март 2018
Апрель 2018
Май 2018
Июнь 2018
Июль 2018
Август 2018
Сентябрь 2018
Октябрь 2018
Ноябрь 2018
Декабрь 2018 Январь 2019 Февраль 2019 Март 2019 Апрель 2019 Май 2019 Июнь 2019 Июль 2019 Август 2019 Сентябрь 2019 Октябрь 2019 Ноябрь 2019 Декабрь 2019 Январь 2020 Февраль 2020 Март 2020 Апрель 2020 Май 2020 Июнь 2020 Июль 2020 Август 2020 Сентябрь 2020 Октябрь 2020 Ноябрь 2020 Декабрь 2020 Январь 2021 Февраль 2021 Март 2021 Апрель 2021 Май 2021 Июнь 2021 Июль 2021 Август 2021 Сентябрь 2021 Октябрь 2021 Ноябрь 2021 Декабрь 2021 Январь 2022 Февраль 2022 Март 2022 Апрель 2022 Май 2022 Июнь 2022 Июль 2022 Август 2022 Сентябрь 2022 Октябрь 2022 Ноябрь 2022 Декабрь 2022 Январь 2023 Февраль 2023 Март 2023 Апрель 2023 Май 2023 Июнь 2023 Июль 2023 Август 2023 Сентябрь 2023 Октябрь 2023 Ноябрь 2023 Декабрь 2023 Январь 2024 Февраль 2024 Март 2024 Апрель 2024 Май 2024 Июнь 2024 Июль 2024 Август 2024 Сентябрь 2024 Октябрь 2024 Ноябрь 2024 Декабрь 2024 Январь 2025 Февраль 2025 Март 2025 Апрель 2025 Май 2025 Июнь 2025 Июль 2025 Август 2025 Сентябрь 2025 Октябрь 2025 Ноябрь 2025 Декабрь 2025 Январь 2026 Февраль 2026 Март 2026 Апрель 2026 Май 2026
1
2
3
4 5 6 7 8 9
10
11
12 13 14 15 16
17
18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Поиск города

Ничего не найдено

"Украинаға бара жатыр". Ресей әскерилерінің туыстары мен достары не дейді?

0 181
Ресей әскері Ресей-Украина шекарасынан 40 шақырым жерге жетті. Сібір мен қиыр шығыс аудандардағы әскерінің батысқа жөнелтіліп жатқанына жуырда жарты жылдай болады. Азаттық радиосының Орыс қызметі мен Conflict Intelligence Team зерттеу жүргізіп, шығыстан шыққан әскерилердің қайда барғанын, "іссапарға" кеткен солдаттар мен офицерлердің туыстары не деп жатқанын анықтап көрді.


17 қаңтарда Александр Лукашенко ақпан айында Беларусь өз жерінде Ресеймен "Союзная решимость–2022" әскери жаттығуын өткізетінін мәлімдеді. Тәуелсіз сарапшылар әлеуметтік желіден Ресей әскери техникасының расымен Беларуське бара жатқанын байқап қалған. Бірақ полигондағы жаттығуға оның белгілі бір бөлігі ғана қатысатынға ұқсайды. Ал қалғаны жарты жолдан Украинаның Черниговский облысынан 40 шақырым, Киев облысынан 90 шақырым жердегі Гомель маңында қалып қалған.




Conflict Intelligence Team сарапшылары жазбаларында жеке құрамның жаппай жөнелтіліп жатпағанын атап өткен. Ол кезде әскери эшелондағы жолаушылар вагоны техниканы тасып, полигонды күзетуге қажет әскерилер санына сай болған. Кейінгі аптада TikTok желісінде бірнеше жаңа видео пайда болды. Оның қатарында Хабар және Еврей автономды облысынан өтіп бара жатқан эшелондардың видеосы да бар. Бұл видеолар осы әлеуметтік желіде кең таралып, жүздеген пікір жинаған. Онда әскерилердің туыстары мен достары олардың "жаттығуға" немесе "іссапарға" кеткенін жазып жатыр. Көбі олардың "Беларуське" кеткенін, кейбірі әскерилерді "Украинаға" немесе "Украина шекарасына" жібергенін жазған.




Пікірлерден әскерилердің аналары мен әйелдері жақындарының өміріне алаңдайтыны байқалады: жақынын батысқа жібергенін айтқан ондаған адам Ресей мен Украина арасында соғыс басталып кете ме деп қауіптенетінін айтады. 2014 жылы Донбассқа барған әскерилердің көбі "жаттығуға" келмегенін сол жерге барғанда білгенін ескерсек, олардың неге алаңдап отырғанын жақсы түсінуге болады.




Пікірлер әскерилердің "Украинамен соғысу үшін" "Украинаға" жіберілгеніне тек жанама дәлел бола алады. Хабар, Биробиджан, Владивосток секілді қалаларда тұратын, отбасында әскерилер бар адамдар теледидар көріп, жаңалықтарды талқылап жатыр. Бөлім командирлеріне сілтеме жасап пікір қалдырғандардың көбі таныстарының Украинаға емес, "Украина шекарасына" кеткенін жазған. Бұл "Беларусь жеріндегі әскери жаттығу" жайлы ресми түсіндірмеге қайшы келмейді.


Азаттық радиосы мен Conflict Intelligence Team пікірлердегі деректерді авторлармен жазысқан хаттардан алған мәліметтермен, Ресей әскерін батысқа жөнелтіп жатқанын көрсететін ашық дереккөздерден табылған деректермен салыстырып көрді.


ЗАБАЙКАЛЬЕДЕН БРЕСТКЕ ДЕЙІН 11 КҮН

18 қаңтарда әскери қызметкерлердің бірінің әйелі Азаттық радиосы тілшісіне хат жазып, Забайкалье ауданындағы Борзя қаласынан 7 қаңтарда шыққан күйеуі Беларусьтің Брест қаласына жетіп қойғанын жазды. Осылайша бұл жолға 11 күн кеткен. Бұл әскери қызметкердің "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында оның 2014 жылдан бері 06705 әскери бөлімінде қызмет ететіні көрсетілген. Бұл бөлім 36-гвардиялық мотоатқыш бригадаға жатады.




Амурский облысының Завитинск қаласында тұратын TikTok пайдаланушысы жалғыз ұлының "Ресей шекарасына іссапарға кеткенін" жазған. Ол Азаттық радиосы журналистерімен хат алмасып, әскери эшелондардың 9-11 қаңтар аралығында үш күн қатарынан жөнелтілгенін нақтылады. Олар айдың аяғында Брянск маңына жетеді.




"ӘСКЕРИ БУРЯТТАРДЫҢ" ҚАЙТА ОРАЛУЫ

TikTok-тағы видеоға сондағы эшелонда батысқа кетіп бара жатқан әскерилердің өздері де пікірлер қалдырған. Парақшалары мен жазбаларына қарағанда, олардың кейбірі Украина шекарасына жіберілетін Ресей әскері атанған 5-жеке танк бригадасында қызмет етеді. "Путиннің әскери буряттары" атанған бұл бригада 2014–2015 жылдары Донбасстағы соғысқа қатысып аты шыққан.


Атап айтқанда, батысқа Хабаровск ауданындағы Млечниктегі 64-мотоатқыш бригада бара жатыр. 2015 жылы оларды да осы бригада орналасқан жерден мыңдаған шақырым қашықтағы Ростов облысына жіберген.




TikTok-тағы постқа пікір жазған әйел Азаттық радиосына күйеуінің 69-жеке казак бригадасында жұмыс істейтінін айтты. Бұл бөлім автономды облысының Бабстово ауылында орналасқан.


Азаттық радиосы батысқа жіберілген әскери күштердің қатарында Хабаровск жерінде орналасқан 14-жеке гвардиялық инженерлер бригадасы барын анықтады.


"Ертең бізді де әкетеді" деп пікір жазған адам аккаунтында Т-72Б танктер бөлімінде тұрған 1985 жылғы үлгідегі видео салған. Осы қолданушының басқа TikTok парақшасынан оның Уссурийскте орналасқан 114-гвардиялық мотоатқыш полкта екенін көруге болады.


"КӨЗБОЯУШЫЛЫҚҚА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ЖАСАҚ"

Ірі жаттығуларға (немесе елді мекендерді бақылауда ұстау қажет болатын соғысқа) қажет элементтерінің бірі – әскери полиция. Тиктоктағы пікірлерден оның қызметкерлері де батысқа бара жатқанын көруге болады.




"Беларусьтегі жаттығуға" арнайы жасақты да жіберген. Видеоға "күйеуінің іссапарға кеткенін" жазған әйел біз жіберген хабарламаға күйеуінің "Ресейден бірінші рет шығып отырмағанын" жазды. Ол күйеуінің елден кетпегенін, тек "көзбояушылық үшін" Украина шекарасына барып келгенін мәлімдеп отыр.




"ВКонтакте" желісінен оның парақшасын, сол арқылы күйеуінің профилін тауып алдық. Күйеуі онда Қызыл алаңда "көгілдір беретпен" парад кезінде түскен тұрған фотосын салыпты. Әйелдің тұратын жері – Хабаровск. Оның күйеуі 14-арнайы жасақтың жеке бригадасында қызмет ететінін болжауға болады. (Бұрын мұндай бригадалар ГРУ арнайы жасақ бригадасы" деп аталған): бұл бригада әуе десантты әсер формасын киеді.




Conflict Intelligence Team сарапшылары интернеттен арнайы жасаққа қарайтын техниканы, мысалы, брондалған "Тигр" автокөліктерін тиеп жатқаны түсіп қалған видеолар тапқан. Видеоның кейбірі Хабаровскіде техника тиеліп жатқанда, қалғаны Сібірге бара жатқан жолда түсірілген.




"АЛДЫМЕН МӘСКЕУГЕ, СОСЫН УКРАИНАҒА"

TikTok-тағы видеолардың біріне пікір жазған, Владивостокта тұратын қыз жігітінің "жаттығуға бара жатпағанына" сенімді. Азаттық радиосының қойған сұрағына ол жас жігітті "Украинаға" апара жатқанын айтып, мұндай ақпаратты қайдан алғанын нақтыламады. Одан кейін оның "десантты-щабуылдаушы батальонда" жұмыс істейтінін нақтылап, кейінгі хабарламаларында 155-теңіз жаяу әскер бригадасына кіретінін растады.




Conflict Intelligence Team сарапшылары теңіз жаяу әскерінің 2014–2015 жылдары Украинадағы соғысқа қатысқанын айтады. Мысалы, соғысқа Солтүстік флот теңіз жаяу әскерінің 61-бригадасы барған. Тиктоктағы басқа пікірлер штабы Владивостокта орналасқан Ресей әскери теңіз флотының Тынық мұхит флоты шығыстан батысқа теңіз жаяу әскерінің 155-бригадасын жібергенін көрсетеді.


ҚАНДАЙ ТЕХНИКА АПАРА ЖАТЫР?

Қиыр шығыстан темір жол арқылы Беларуське немесе Ресейдің батыс шекарасына біршама адам жіберу оңай емес. Кей пікірлер әскерилерді ұшақпен жіберетінін көрсетеді (жуырда Қазақстанға арнайы операцияға барған Ресей әскері бұған шамасы жететінін көрсетті). Азаттық радиосы қиыр шығыстан Украина шекарасына немесе Беларуське әскер жіберу үшін авиация қолданатынын тәуелсіз деректер арқылы растай алмады.




Азаттық радиосының хатына әскери қызметкерлердің бірі жауап жазды. Ол қазір бір аптадан астам уақыт бойы әскери эшелонмен Қиыр Шығыстан батысқа бара жатқанын жазған. Ол жолдағы техниканың жартысы "бір ретке" кіргізіліп жатқанын, іссапардың мақсаты "көзбояушылық үшін тұрып қайту" екенін айтты.




Азаттық радиосы тілшісімен хат алысқан жас жігіт Амур облысының Екатеринославка елді мекенінде 38-мотоатқыштар бригадасында жұмыс істейтінін жазды. Conflict Intelligence Team сол жерден кейінгі айда бірнеше әскери эшелонның видеоға түсіп қалғанын анықтаған. Оның қатарында "Град" БМ-21 рактивті жүйесі де бар. Бұл техника 2014–2015 жылдары Ресей-Украина соғысында қолданылған.


Пікірлескен адамның сөзінше, іссапардың екі "жақсы жағы" бар: оған және жолдастарына жаңа киім мен 1974 жылғы үлгідегі АК-74 орнына 2012 жылғы үлгідегі жаңа АК-12 автоматтарын берген.




Азаттық радиосы мен Conflict Intelligence Team алған ақпарат кейінгі айларда Қиыр Шығыстан батысқа (Ресейге немесе Беларуське) ең маңзды деген бөлімдердің бара жатқанын анықтады. Әскери полиция, десант, арнайы жасақсыз ешбір әскери операцияны елестетуге болмайды. Бұл бөлімдер 2014–2015 жылдары Ресей мен Украина шиеленісінің ең үдеген кезеңіне қатысқан.


Видео астындағы пікірлерде жіберіліп жатқан әскерилердің саны жайлы айтылған "700 адам", "келісімшарттағылардың бәрі дерлік", "жүздеген солдат" секілді сөздер де кездеседі. Ресей-Беларусь әскери жаттығуы 10-20 ақпан аралығында өтеді, ал әскерилердің туыстары мен жақындарының көбі іссапар 6–9 айға созылады дейді.


Зерттеудің CIT сарапшылары жүргізген бөлігінде жазылғандай, бұл жағдай шығыс әскери округынан Украинамен шекараға тек техника емес, әскерилердің көбін жіберіп жатқанын көрсететінін, сонда жіберілген бөлімдер Беларусь және/немесе Ресейдің батысында ұзақ уақытқа қалуы мүмкін екенін көрсететінін айтады.




 




Все города России от А до Я

Загрузка...

Moscow.media

Читайте также

В тренде на этой неделе

Наряд Росгвардии предотвратил похищение девушки в ЕАО

В Биробиджане росгвардейцами задержан мужчина, умышленно спровоцировавший конфликт

Сотрудники Росгвардии уточнили обстоятельства инцидента в ЕАО

Тематические площадки Росгвардии в рамках акции «Ночь в музее» организованы в ЕАО


Загрузка...
Ria.city
Rss.plus


Новости последнего часа со всей страны в непрерывном режиме 24/7 — здесь и сейчас с возможностью самостоятельной быстрой публикации интересных "живых" материалов из Вашего города и региона. Все новости, как они есть — честно, оперативно, без купюр.




Биробиджан на Russian.city


News-Life — паблик новостей в календарном формате на основе технологичной новостной информационно-поисковой системы с элементами искусственного интеллекта, тематического отбора и возможностью мгновенной публикации авторского контента в режиме Free Public. News-Life — ваши новости сегодня и сейчас. Опубликовать свою новость в любом городе и регионе можно мгновенно — здесь.
© News-Life — оперативные новости с мест событий по всей России (ежеминутное обновление, авторский контент, мгновенная публикация) с архивом и поиском по городам и регионам при помощи современных инженерных решений и алгоритмов от NL, с использованием технологических элементов самообучающегося "искусственного интеллекта" при информационной ресурсной поддержке международной веб-группы 103news.com в партнёрстве с сайтом SportsWeek.org и проектами: "Love", News24, Ru24.pro, Russia24.pro и др.