Испанияда екі пойыз соқтығысып, 85-тен аса адам зардап шекті
0
82
Испанияда жолаушылар мен жүк пойызының соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, 85 адам жарақат алды, - деп хабарлайды "Москва 24" арнасы.
Оқиға Барселонадағы Сан-Бой-де-Льобрегат қаласына жақын жерде болғаны анықталды.
Зардап шеккендердің екеуі ауыр, қалғандары жеңіл жарақат алған. Мәлімет бойынша қайтыс болған пойыз машинисті екен.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!