Сентябрь 2011
Октябрь 2011
Ноябрь 2011
Декабрь 2011
Январь 2012
Февраль 2012
Март 2012
Апрель 2012
Май 2012
Июнь 2012
Июль 2012
Август 2012
Сентябрь 2012
Октябрь 2012
Ноябрь 2012
Декабрь 2012
Январь 2013
Февраль 2013
Март 2013
Апрель 2013
Май 2013
Июнь 2013
Июль 2013
Август 2013
Сентябрь 2013 Октябрь 2013
Ноябрь 2013
Декабрь 2013
Январь 2014
Февраль 2014
Март 2014
Апрель 2014
Май 2014
Июнь 2014
Июль 2014
Август 2014
Сентябрь 2014
Октябрь 2014
Ноябрь 2014
Декабрь 2014
Январь 2015
Февраль 2015
Март 2015
Апрель 2015
Май 2015
Июнь 2015
Июль 2015
Август 2015
Сентябрь 2015
Октябрь 2015
Ноябрь 2015
Декабрь 2015
Январь 2016 Февраль 2016
Март 2016
Апрель 2016
Май 2016 Июнь 2016
Июль 2016
Август 2016
Сентябрь 2016
Октябрь 2016
Ноябрь 2016
Декабрь 2016 Январь 2017 Февраль 2017
Март 2017
Апрель 2017 Май 2017
Июнь 2017
Июль 2017
Август 2017
Сентябрь 2017
Октябрь 2017
Ноябрь 2017
Декабрь 2017
Январь 2018
Февраль 2018
Март 2018
Апрель 2018
Май 2018
Июнь 2018
Июль 2018
Август 2018
Сентябрь 2018 Октябрь 2018 Ноябрь 2018 Декабрь 2018 Январь 2019 Февраль 2019 Март 2019 Апрель 2019 Май 2019 Июнь 2019 Июль 2019 Август 2019 Сентябрь 2019 Октябрь 2019 Ноябрь 2019 Декабрь 2019 Январь 2020 Февраль 2020 Март 2020 Апрель 2020 Май 2020 Июнь 2020 Июль 2020 Август 2020 Сентябрь 2020 Октябрь 2020 Ноябрь 2020 Декабрь 2020 Январь 2021 Февраль 2021 Март 2021 Апрель 2021 Май 2021 Июнь 2021 Июль 2021 Август 2021 Сентябрь 2021 Октябрь 2021 Ноябрь 2021 Декабрь 2021 Январь 2022 Февраль 2022 Март 2022 Апрель 2022 Май 2022 Июнь 2022 Июль 2022 Август 2022 Сентябрь 2022 Октябрь 2022 Ноябрь 2022 Декабрь 2022 Январь 2023 Февраль 2023 Март 2023 Апрель 2023 Май 2023 Июнь 2023 Июль 2023 Август 2023 Сентябрь 2023 Октябрь 2023 Ноябрь 2023 Декабрь 2023 Январь 2024 Февраль 2024 Март 2024 Апрель 2024
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30

Поиск города

Ничего не найдено
Бабаево Бабушкин Бавлы Багратионовск Байкальск Баймак Бакал Баксан Балабаново Балаково Балахна Балашиха Балашов Балей Балтийск Барабинск Барнаул Барыш Батайск Бахчисарай Бежецк Белая Калитва Белая Холуница Белгород Белебей Белёв Белинский Белово БелогорскАмурская область БелогорскКрым Белозерск Белокуриха Беломорск Белорецк Белореченск Белоусово Белоярский Белый Бердск Березники БерёзовскийКемеровская область БерёзовскийСвердловская область Беслан Бийск Бикин Билибино Биробиджан Бирск Бирюсинск Бирюч БлаговещенскАмурская область БлаговещенскБашкортостан Благодарный Бобров Богданович Богородицк Богородск Боготол Богучар Бодайбо Бокситогорск Болгар Бологое Болотное Болохово Болхов Большой Камень Бор Борзя Борисоглебск Боровичи Боровск Бородино Братск Бронницы Брянск Бугульма Бугуруслан Будённовск Бузулук Буинск Буй Буйнакск Бутурлиновка
Кадников Казань Калач Калач-на-Дону Калачинск Калининград Калининск Калтан Калуга Калязин Камбарка Каменка Каменногорск Каменск-Уральский Каменск-Шахтинский Камень-на-Оби Камешково Камызяк Камышин Камышлов Канаш Кандалакша Канск Карабаново Карабаш Карабулак Карасук Карачаевск Карачев Каргат Каргополь Карпинск Карталы Касимов Касли Каспийск Катав-Ивановск Катайск Качканар Кашин Кашира Кедровый Кемерово Кемь Керчь Кизел Кизилюрт Кизляр Кимовск Кимры Кингисепп Кинель Кинешма Киреевск Киренск Киржач Кириллов Кириши КировКалужская область КировКировская область Кировград Кирово-Чепецк КировскЛенинградская область КировскМурманская область Кирс Кирсанов Киселёвск Кисловодск Климовск Клин Клинцы Княгинино Ковдор Ковров Ковылкино Когалым Кодинск Козельск Козловка Козьмодемьянск Кола Кологрив Коломна Колпашево Колпино Кольчугино Коммунар Комсомольск Комсомольск-на-Амуре Конаково Кондопога Кондрово Константиновск Копейск Кораблино Кореновск Коркино Королёв Короча Корсаков Коряжма Костерёво Костомукша Кострома Котельники Котельниково Котельнич Котлас Котово Котовск Кохма Красавино КрасноармейскМосковская область КрасноармейскСаратовская область Красновишерск Красногорск Краснодар Красное Село Краснозаводск КраснознаменскКалининградская область КраснознаменскМосковская область Краснокаменск Краснокамск Красноперекопск КраснослободскВолгоградская область КраснослободскМордовия Краснотурьинск Красноуральск Красноуфимск Красноярск Красный Кут Красный Сулин Красный Холм Кремёнки Кронштадт Кропоткин Крымск Кстово Кубинка Кувандык Кувшиново Кудымкар Кузнецк Куйбышев Кулебаки Кумертау Кунгур Купино Курган Курганинск Курильск Курлово Куровское Курск Куртамыш Курчатов Куса Кушва Кызыл Кыштым Кяхта
Набережные Челны Навашино Наволоки Надым Назарово Назрань Называевск Нальчик Нариманов Наро-Фоминск Нарткала Нарьян-Мар Находка Невель Невельск Невинномысск Невьянск Нелидово Неман Нерехта Нерчинск Нерюнгри Нестеров Нефтегорск Нефтекамск Нефтекумск Нефтеюганск Нея Нижневартовск Нижнекамск Нижнеудинск Нижние Серги Нижний Ломов Нижний Новгород Нижний Тагил Нижняя Салда Нижняя Тура Николаевск Николаевск-на-Амуре НикольскВологодская область НикольскПензенская область Никольское Новая Ладога Новая Ляля Новоалександровск Новоалтайск Новоаннинский Нововоронеж Новодвинск Новозыбков Новокубанск Новокузнецк Новокуйбышевск Новомичуринск Новомосковск Новопавловск Новоржев Новороссийск Новосибирск Новосиль Новосокольники Новотроицк Новоузенск Новоульяновск Новоуральск Новохопёрск Новочебоксарск Новочеркасск Новошахтинск Новый Оскол Новый Уренгой Ногинск Нолинск Норильск Ноябрьск Нурлат Нытва Нюрба Нягань Нязепетровск Няндома
Саки Салават Салаир Салехард Сальск Самара Санкт-Петербург Саранск Сарапул Саратов Саров Сасово Сатка Сафоново Саяногорск Саянск Светлогорск Светлоград Светлый Светогорск Свирск Свободный Себеж Севастополь Северо-Курильск Северобайкальск Северодвинск Североморск Североуральск Северск Севск Сегежа Сельцо Семёнов Семикаракорск Семилуки Сенгилей Серафимович Сергач Сергиев Посад Сердобск Серов Серпухов Сертолово Сестрорецк Сибай Сим Симферополь Сковородино Скопин Славгород Славск Славянск-на-Кубани Сланцы Слободской Слюдянка Смоленск Снежинск Снежногорск Собинка СоветскКалининградская область СоветскКировская область СоветскТульская область Советская Гавань Советский Сокол Солигалич Соликамск Солнечногорск Соль-Илецк Сольвычегодск Сольцы Сорочинск Сорск Сортавала Сосенский Сосновка Сосновоборск Сосновый Бор Сосногорск Сочи Спас-Деменск Спас-Клепики Спасск Спасск-Дальний Спасск-Рязанский Среднеколымск Среднеуральск Сретенск Ставрополь Старая Купавна Старая Русса Старица Стародуб Старый Крым Старый Оскол Стерлитамак Стрежевой Строитель Струнино Ступино Суворов Судак Суджа Судогда Суздаль Суоярви Сураж Сургут Суровикино Сурск Сусуман Сухиничи Сухой Лог Сызрань Сыктывкар Сысерть Сычёвка Сясьстрой

"Жерімізді алып қойды". Ресеймен шекарадағы Көптоғай ауылының халқы неге наразы?

0 45
Атырау өңіріндегі Көптоғай ауылының халқы өзенге баратын жолын жауып тастаған шекара бағандарын орнатуға қарсы шыққан соң ол туралы ақпарат құралдары жарыса жазды. Азаттық тілшісі Көптоғайға барып, шекара маңында тұратын халықтың тыныс-тіршілігімен танысып, демаркация туралы пікірін біліп қайтты. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін бірінші болып Ресеймен достық туралы келісімге отырды. Соған қарамастан, Ресеймен шекараны заңды түрде бекіту мәселесі ұзаққа созылып, делимитация туралы келісімге 2005 жылы бір-ақ қол қойылды, ал ол кезде басқа көршілес мемлекеттермен шекара мәселесі толық шешіліп қойған еді. Бірақ іс жүзінде әлемдегі құрлық арқылы өтетін ең ұзын шекара - Қазақстан-Ресей шекарасын демаркациялау жұмысы әлі аяқталған жоқ. Демаркация процесі еш кикілжіңсіз өтіп жатыр. Бірақ арасында ресейлік саясаткерлер оңтүстіктегі көршісіне жерге байланысты қояр талабы барын айтып, шулы мәлімдемелер жасап тұрады. Шекара маңындағы ауылдарда да әртүрлі жағдай тіркеледі. Бірнеше ай бұрын шекара мәселесіне қатысты осындай оқиғалардың бірі Атырау облысы Көптоғай ауылында болған. Көптоғай – "Шекара аймағы" жобасы аясында Азаттық тілшісі барған алғашқы ауыл. "Шекара аймағы" жобасы шекара маңында тұратын халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы репортаждар сериясынан тұрады. Былтыр көктемде Көптоғай деп аталатын шағын ауыл туралы ақпарат құралдары жарыса жазды. Бұған Қазақстан шекара қызметінің "бейтарап территорияны" ауылдың дәл қасына көшіруі себеп болған. Жергілікті халық шекарашылар орнатқан тікенек сымды алып тастап, бейтарап территорияны бұрынғы орнына қайтаруды талап еткен. Мәселені шешу үшін ауылға шенеуніктер мен ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері барған. Билік өкілдері халықтың райынан қайтпайтынын түсінген соң, тікенек сымды алып тастап, демаркация жұмыстары кезінде жабылған суға баратын жолды қайта ашқан. Кейінірек ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі "2009 жылы жүргізілген демаркациядан кейін шекарадағы қоршау сызығын түзету қажет болғанын, Ресейге артық жер берілмегенін" мәлімдеді. 2005 жылғы демаркациядан кейін Көптоғай халқы арасында "Қазақстанға тиесілі жайылымдық жердің бір бөлігі Ресейге өтіп кетті" деген қауесет тараған. ШЕКАРАҒА ДЕЙІНГІ ЖОЛ Білмейтін адамға Көптоғайға жету оңайға түспейді. Ауылдың шағын болғаны соншалық, оны google-картадан координатын жазып қана табуға болады. Ресеймен шекараға жету үшін жалдаған көлігім Атырау – Астрахань бағытындағы шұрқ тесік жолмен жүйткіп келеді. Дөңгелек кедір-бұдыр жолдың ой-шұқырына түсіп, көліктің астына қиыршық тас тигені естіледі. Жүргізуші қауіпті шұңқырларды айналып өту үшін рөлді алай да, былай да бұрады, бірақ жылдамдықты азайтпайды, өйткені Көптоғайға түске дейін жетуіміз керек. Ауылға жетуге кемінде төрт сағат уақыт кетеді. Жергілікті такси жүргізушілер мұндағы жолға Жапонияның арзан әрі сенімді Toyota Ipsum көлігін қолайлы санайды. Бірнеше жыл бұрын осы көліктерді Армениядан әкеліп, жаппай сата бастаған. Көптоғайға жол бастап келе жатқан Еркін есімді жүргізушіден "Қазақстанда Арменияның нөмерімен жүру ыңғайлы ма, полиция ештеңе айтпай ма?" деп сұрадым. – Оған қарамайды, Петро. Әзірге жүруге болады, кейін көрерміз. Кейде тоқтатып, құжаттарымды тексереді, болды. Бірдеңе бола қалса, қашанда келісіп, шешуге болады ғой, – дейді жасы 40-қа таяған, басына түсі оңа бастаған бас киім, аяғына шұлықтың сыртынан сүйретпе киген жүргізуші. Кедір-бұдыры көп ескі асфальттың үстімен селкілдеп, шекараға қарай баяу ағылған үлкен жүк көліктерін басып озып келеміз. Кейде топырақ жолдың үстіне шығып кетеміз: былтыр жол жөндеу жұмысы басталған, сондықтан әр жерден жұмысшылар мен техника жиі кездеседі. Жоспар бойынша, жөндеу жұмысы 2023 жылы аяқталуы керек. Ондаған, жүздеген километр бойы көліктің сыртындағы көрініс өзгермейді: күнге күйген шөп, сор топырақ, түйелер мен жерден жемтік іздеп, көкте ұшып жүрген бүркіт қана көзге түседі. Кейде терезеден Атырау облысының қойнауынан қара алтын өндіріп жатқан мұнай сорғылары көрінеді. Еркінге мұнайға бай өңірдің жолы неге сонша нашар екенін түсінбейтінімді айттым. – Түсінбейтін несі бар: тонап жатыр. Мұндай ресурсы бар аймақтың асфальты айнадай болуы керек қой, – дейді мемлекеттік құрылымның мәнін бір-ақ сөзбен түсіндірген Еркін. Жүргізуші көліктің шаң басқан терезесінен мұнай сорғыларына суық қарап, көлікті кезекті бір шұңқырға түсіріп алмау үшін рөлді бұрды. Әңгімелесіп отырып, өзенге жеттік. Өзеннің ар жағы – біз бет алған Көптоғай. "БІР КЕЗДЕ БҰЛ ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРІ БОЛҒАН" Көптоғай түбекте орналасқан: ауылдың бір жағынан шекарада орналасқан Қиғаш өзені, екінші жағынан оның саласы – Алғара өзені ағады. Жалғыз құрлық жол Ресейдің Астрахань облысына апарады. Қазақстандағы құрлықта орналасқан елдімекенге паром арқылы ғана жетуге болады. Жыл он екі ай бойы паромды бір жағалаудан екіншісіне тот басқан ескі кеме жеткізеді. Суға батып кетпесін деп, кеменің түбіндегі тесіктерді ағашпен бекітеді. Пароммен жеңіл көлікті арғы жағалауға жеткізгеніне 500 теңге алады, трактор немесе КАМАЗ сияқты жүк көлігін тіркеуімен бірге алып өткеніне алатыны екі мың теңгеден асады. Жағалауға жақындап келеміз. Көз ұшынан орындыққа шығып, "Көптоғай" деген жазуы бар темір тақтайды бояп жатқан денелі кісі көрінді. Ар жағынан шифері күнге ағара бастаған үйлер көзге шалынды. Каспийден соққан ыстық жел ауылға құм ұшырып, көшеде алтын түстес шағын төбешіктер түзілген. Көптоғайда шекарадағы территорияға қатысты мәселе көтеріп жүрген жергілікті кәсіпкер, шаруа қожалығының басшысы және ауыл халқын бір жағалаудан екіншісіне таситын паром иелерінің бірі Серік Сыдықовпен кездестім. Көптоғай халқы мал шаруашылығымен айналысады. Бұл жақтың шөбі шүйгін, суы да мол. Серік Совет одағы тұсында "Көптоғай" совхозы бүкіл Қазақстанға танымал болғанын айтады. Кәсіпкер бір кезде совхоздың құрамында болған жердің неліктен Ресейге өтіп кеткенін түсінбейді. – Міне, шекара, – дейді Серік су жақты нұсқап. – Алыста көп ағаш өсіп тұрған жақтан ары қарай Ресей басталады. Бір кезде бұл қазақтың жері болған, Бесарал деп аталған. Бірақ 2005 жылы демаркация жүріп, жерді бөлгенде, біздің жеріміз Ресейге өтіп кеткен. Бұл туралы жергілікті халыққа ешкім ескертпеді, пікірімізді де сұраған жоқ. Қиғаш өзенінің баяу ағатын тұсын бойлап келеміз, жергілікті халық бұл жерді "канал" деп атайды. Сәуір айында шекарашылар дәл осы жерге бағаналар орнатып, тікенек сым тартып, ауыл халқының суға баратын жолын бөгеген. – Ойлап қараңызшы: тура судың жағасында тұрған үйдің не қожайыны, не сиыры каналға жақындай алмайды. Үйінен шықса болды, тікенек сымға барып тіреледі. Бұған дейін бәрі үндемей келген, бірақ суға өте алмай қалғанда халық тегіс көтерілді. Күш көрсеткен жоқ, бірақ халық ашынып отырды, өйткені бүкіл ауыл малы мен бақшасын осы каналдан суарады, балығын да осы жерден аулайды, – дейді Серік. Көптоғай жұрты шу көтерген соң, ауылға аудан, облыс әкімдіктері мен шекара қызметінен өкілдер келген. Олар ауыл халқының шағымын тыңдап, мәселенің жай-жапсары анықталғанға дейін барлық қоршауды алып тастауды ұйғарған. Билік өкілдері халықтың көзінше тікенек сымды алып, шетке жинап қойған. Серіктің айтуынша, содан бері жағдай өзгермеген: ешкім жаңа бағандар қойып, тікенек сым әкелмеген. Шекарада орналасқан ауылда шешімі табылмай тұрған тағы бір мәселе бар: жыл сайын жергілікті халықтың малы мемлекеттік шекара қоршауынан өтіп, Ресейге жайылып кетеді. Кеткен малдың бәрі бірдей кері қайта бермейді, ал адамдар ол жақтан малын қайырып әкеле алмайды. Өйткені ұсталып қалса, шекараны заңсыз кесіп өткен деген айыппен жауапқа тартылуы мүмкін. – Мал жиі жоғалып кетеді. Биыл шамамен 60-70 сиыр Ресейде қалып қойды. Жұрт малын қайтара алмады. 2005 жылы біздің жеріміздің бір бөлігін Ресейге берген кезде қазір мал іздеп кететін жайылымдық жер де көрші мемлекеттің қолына өткен. Жануарға жайылуға тыйым сала алмайсың ғой. Бірақ негізгі мәселе мал емес, жер болып отыр. Жерді беріп жібермегенде мұндай жағдай болмас еді, – дейді Сыдықов. "ТАҒЫ ДА ЖЕРІМІЗДІ ТАРТЫП АЛҒАЛЫ ЖАТЫР" Зейнеткер Әлбек Баяновтың үйі мен биыл көктемде тікенек сым тартылған жердің арасы – жүз-ақ метр. Көптоғайда дүниеге келіп, осында үйлі-баранды болып, еңбек етіп, зейнетке шыққан. Қарияның үйінің ауласындағы шағын бақшада алма, шие ағаштары бар, Каспийдің қатты топырағына әзер тамыр жайған, әлжуаз қызанақ көшеттері отырғызылған. Өзенге жақын тұратын Әлбек бақшасын басқаларға қарағанда жиі суарады. Оның сөзінше, ауылдың суы "тұзды, бақша суаруға жарамайды". Ауылда суды тұщыландыратын құрылғы бар, құбырға су осы жақтан беріледі. Жазда бәрі бау-бақша егеді, мұндайда суды тұщыландыратын құрылғыға жүк түседі. Сондықтан тәулігіне екі сағат ғана су беріледі. Әлбек үйінің жанына шекара бағаналарын орнатып жатқанын көргенде таңғалып, түсінбей қалғанын айтады. Зейнеткер "халықпен кеңеспей, неге бұлай жасайды? Неге малымызды суаратын каналды бейтарап территорияға кіргізіп, тартып аламыз деп ойлайды?" деп қынжылған. – Бұл жер, Бесарал, қазақ және орыс жері деп екіге бөлінеді. Қазақ жағы – біздікі. Қазір ол жер Ресейге тиесілі, бір адамның қателігінен территория дұрыс бөлінбей, көп жер көрші мемлекетке өтіп кеткен. Бұған ренжідік, жанымыз ауырды, бірақ кеткен нәрсе кетті. Оған да көндік. Бірақ кейін шекараны тағы да жылжытты. Бұл жолы шыдай алмадық, шу көтердік. Ресей сұрамаса, біздікілер неге бұлай жасайды? Осы жаққа келген шенеуніктерге "Ресейге өтіп кеткен жер мәселесін көтерудің орнына тағы да жерімізді тартып алғалы жатырсыңдар" дедік. Сол кезде ғана қоршауды алып тастап, шекара белгілерін орнатқан жоқ. Енді осы мәселе көтерілгеннен кейін бұрынғы жерімізді қайтаруымыз керек. Онсыз мәселені шешілді деп санамаймыз. Жеріміз қайтарылсын, талабымыз – осы, – дейді Баянов. Әңгіме соңында Әлбек Баянов қой, тауық, күркетауық пен бұзау өсіретін шағын шаруашылығын көрсетті. Сиырлар кешке дейін жайылымда жүреді. Әлбек Ресейде малын жоғалтып, әбігерге түспеген. Бірақ көршілерінің малы шекарадан әйтеуір бір саңылау тауып, арғы беткен өтіп кетуді әдетке айналдырған. "ҚОРШАУ СЫЗЫҒЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРА – БІР ЕМЕС" Көптоғай ауылдық округі әкімдігі қызметкерлері менімен сөйлесуге құлық танытпады. Әкімдік қызметкері журналистік куәлігім мен іссапар құжаттарымды ұзақ қарады, бірақ өзін таныстырған жоқ. Бұл – іссапар кезінде журналиске жиі кездесетін шенеуніктердің жаңа толқыны үшін қалыпты нәрсе. Мені бір минуттай тергеген қызметкер журналист келеді деп ешкім ескертпегенін, сондықтан әкімдіктегілер пікір бере алмайтынын айтты. Журналист келетінін жергілікті шенеуніктерге кім және не үшін ескертуі керегін түсіне алмадым. Бірақ әкімдік қызметкерімен әңгімеміз жараспаған соң жергілікті халық арасынан жөн сұрайтын адам іздеп, ауыл ішін аралауға шықтым. Кенет жолымды кес-кестеп шаң басқан Lada Priora көлігі тоқтай қалды. Рөлде бірнеше минут бұрын сөйлескен шенеунік отыр, жанында қара пиджак киген ер адам бар. Жиырма минут бұрын оны да әкімдіктен көргенмін. – Кімсің, қайдан келдің? Құжаттарыңды көрсет! – деді әлгі ер адам. Азаттық тілшісі екенімді, Көптоғай халқының тыныс-тіршілігі туралы репортаж жазуға келгенімді тағы да қайталап, журналистік куәлігімді көрсеттім. Әкімдік қызметкері куәлігімді суретке түсіріп алды. – Ал сіз кімсіз, мүмкін аты-жөніңізді айтарсыз? – дедім оған қарсы сұрақ қойып. Бірақ ол үнсіз көлігіне отырып, кетіп қалды. Жергілікті билік органдарымен қарым-қатынасым осылай аяқталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облыстық департаменті өкілдері кейінгі бірнеше айда бейтарап территорияға қоршау орнатуға қатысты жағдай өзгермегенін айтты. – Бұл мәселеге қатысты қажет ақпарат ұлттық қауіпсіздік комитеті сайтына жарияланған, бәрін сол жақтан алсаңыз болады, – деді менімен телефон арқылы сөйлескен ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облыстық департаменті баспасөз хатшысы Айталы Өмірбек. Баспасөз хатшысының сайттан табасың деген ақпараты ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі директорының бірінші орынбасары Айдар Аймурзиннің видеосы болып шықты. Аймурзин видеода заң бойынша, шекара қызметі аталған аумақтағы шекара жолағына инженерлік құрылымдар мен қоршаулар орнатуға құқылы екенін айтады. Шенеунік "бұл мемлекеттік шекара сызығы қоршау орнатылған жерден өтеді дегенді білдірмейді, қоршау мемлекеттік шекара сызығынан 100 метр қашықтықта орналасады" деп түсіндірген. Видеода Аймурзин "Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылындағы жағдайға келсек, мемлекеттік шекара сызығы 1970-1990 жылдары жасалған карталарға сәйкес келетінін айта аламын. 2005 жылы келісімге қол қойылып, ратификацияланды. Келісімде тарихи қалыптасқан әкімшілік шекаралар ескерілген" дейді. Ведомство өкілі сөзін "Әкімдікпен бірлесіп, жергілікті халықтың шағымын ескереміз, су алуға қолайлы жағдай жасау мәселесін шешеміз" деп түйіндеген. Көптоғайдан қайтар жолда "кептеліске" тап болдық, жағалауда паромның арғы беттен жолаушы жинап, қайтып келгенін күткен көліктер ұзын-сонар кезекте тұр екен. Қарсы жағалауда паромнан ондаған метр жерде жаңа кеме тұр. Бірақ бұл кеме су бетіне жазда ғана шығады, ал қыста жүре алмайды. Паром иелерінің бірі Серік Сыдықовтың айтуынша, ауыл халқының өзеннің арғы бетіне қатынау мәселесін шешуді биліктен сұрап келе жатқанына көп жыл болған. – Қанша жылдан бері күресіп, осы мәселені шешуді сұрап келдік. Әйтеуір ақыры бюджеттен жаңа кеме сатып алуға 183 миллион теңге бөлінді. Сатып алды. Бірақ ол жазда ғана жүруге жарайтын кеме болып шықты. Қыста мұз қатқанда жүре алмайды екен. Енді не істерімізді білмей отырмыз. Ескі кемені жөндеп не жаңа кемені басқасына ауыстыратын шығар деп үміттенеміз. Олай болмаса, халық жалғыз жолды жауып, наразылыққа шығады, – дейді Сыдықов. Серікпен әңгімелесіп тұрғанымызда жағалауға ескі кеме келіп тоқтады. Кемені өзін Толик деп атағанды жөн көретін Тұрлыбек есімді орта жастағы кісі жүргізіп отыр. Ыстық күні үстіне майланған сырт киім, аяғына резеңке етік киген. Кеменің үнемі су алып кететін астыңғы бөлігіне резеңке етіксіз түсуге болмайды. Толик кемемен екі жағалауға көлік тасып, күніне 15 мың теңге табатынын айтады. – 2021 жылы кемеге 73 жыл толады, әлдеқашан "зейнетке" шыққан. Кеменің тоғыз жері тесілген, оған ағаш қағып қойғанбыз. Қыста кеме суға батып, екі не үш рет шығарып алдық. Жаңа кеме жарамайды. Мұны өзенге арналған кемелерді жақсы білетін адам ретінде айтып отырмын. Сіз осы туралы жазыңызшы. Мүмкін көмектесіп қалар, әйтпесе суға шығу қорқынышты. Өмірге де қауіпті, – дейді Толик. Ауылға апарған шұрқ тесік жолмен Атырауға кері қайттық. Көптоғай ауылы көз ұшынан жоғала бастады. Шекара маңындағы шудан кейін "демаркация бәрібір болады, жұмыс ерте жасалуы керек еді, бірақ әртүрлі себеппен кейінге қалған" деген жергілікті билік қазір үнсіз отыр. Ауыл халқы бір күні үйінің жанына тікенек сымдар мен бағаналаы қайта орнатыла ма деп қауіптенеді.



Астрахань

Первая в этом году большая сельхозярмарка пройдет в Астрахани


Все города России от А до Я

Загрузка...

Moscow.media

Читайте также

В тренде на этой неделе

Cуперфинал Кубка России планируют провести в «Лужниках», сообщил источник

Стало известно, куда россияне чаще всего летают бизнес-классом

Пока в Якутии была ночь: пожар в Астрахани, военная радиостанция, гоночный автомобиль влетел в толпу

В Калмыкии за прошедшую неделю более 20 человек пострадали в ДТП

Новости Астрахани

На окружном полуфинале конкурса «Это у нас семейное» Калмыкию представляют четыре семьи

Семья Корниенко из Калмыкии вышла в финал конкурса «Это у нас семейное»

В Калмыкии за прошедшую неделю более 20 человек пострадали в ДТП

Пока в Якутии была ночь: пожар в Астрахани, военная радиостанция, гоночный автомобиль влетел в толпу


Первая в этом году большая сельхозярмарка пройдет в Астрахани

Астраханский рукопашник завоевал серебро Кубка России

Стали известны даты большого отключения горячей воды на левом берегу Астрахани

В Астрахани мужчина заступаясь за брата чуть не убил своего родственника


В Астрахани мужчина заступаясь за брата чуть не убил своего родственника

Стали известны даты большого отключения горячей воды на левом берегу Астрахани

Матвиенко обсудила губернатором Астраханской области наиболее острые проблемы региона

Астраханский рукопашник завоевал серебро Кубка России


Губернатор Астраханской области Игорь Бабушкин
Москва

Сергей Собянин: в Москве откроют центры ментального здоровья


Частные объявления в Астрахани



Загрузка...
Ria.city
Персональные новости
Сергей Шнуров

Кормухина отказалась называть Шнурова музыкантом из-за его отношения к профессии



Новости последнего часа со всей страны в непрерывном режиме 24/7 — здесь и сейчас с возможностью самостоятельной быстрой публикации интересных "живых" материалов из Вашего города и региона. Все новости, как они есть — честно, оперативно, без купюр.




Астрахань на Russian.city


News-Life — паблик новостей в календарном формате на основе технологичной новостной информационно-поисковой системы с элементами искусственного интеллекта, тематического отбора и возможностью мгновенной публикации авторского контента в режиме Free Public. News-Life — ваши новости сегодня и сейчас. Опубликовать свою новость в любом городе и регионе можно мгновенно — здесь.


© News-Life — оперативные новости с мест событий по всей России (ежеминутное обновление, авторский контент, мгновенная публикация) с архивом и поиском по городам и регионам при помощи современных инженерных решений и алгоритмов от NL, с использованием технологических элементов самообучающегося "искусственного интеллекта" при информационной ресурсной поддержке международной веб-группы 123ru.net в партнёрстве с сайтом SportsWeek.org и проектами: "Love", News24, "My Love", Ru24.pro, Russia24.pro и др.

Блогер Алена Водонаева заявила, что Тимати нужно похудеть

Оззи Осборн во второй раз войдет в Зал славы рок-н-ролла

Блогер Ксения Собчак показала рисунок сына Тимати, где он изобразил свою мать

Концерт «Юрий Башмет, Константин Хабенский, ансамбль «Солисты Москвы». К. Сен-Санс «Карнавал животных»


Кудерметова и Хао-Чин вышли в финал турнира WTA в Штутгарте в парном разряде

Рыбакина приблизилась к первой ракетке мира

Елена Рыбакина стала чемпионкой турнира WTA-500 в Штутгарте

WTA сообщила о достижении Рыбакиной после победы над Швентек


Laura Dern Is the Star of Roger Vivier’s New Short Movie

Geri Halliwell & Christian Horner ‘in talks’ to make fly-on-the-wall Netflix doc as couple move on from sexting scandal

Shamil Musaev def. Logan Storley at 2024 PFL 3: Best photos

Scheduling Alignment Is More Important Than Strength of Schedule For The Chicago Bears In 2024